Об утверждении Правил проведения временного управления хлопкоперерабатывающей организацией
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения временного управления хлопкоперерабатывающей организацией
- Атауы (қаз.)
- Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-5/612
- Қабылданған күні
- 07.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2022 94225_553234.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012039
- ЭКБ идентификаторы
- 94225
- Редакция идентификаторы
- 94225_553234
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:13
0 Мақта өңдеу ұйымын уақытша
басқаруды жүргізу қағидаларын
бекiту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 тамыз
0 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 4-5/612
бұйрығымен бекітілген
Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу
қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрленді және мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу тәртiбiн айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1
1) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;
2 2) мақта қолхатын ұстаушы – мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға берген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда – индоссат;
3 3) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны бастапқы өңдеу және қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
4 4) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару (бұдан әрi – уақытша басқару) – мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған әкiмшiлiк, заңдылық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу;
5 5) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6
6) уақытша әкімшілік – мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО), мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерін қамтитын, уақытша басқарудың қолданылуы кезеңінде мақта өңдеу ұйымын басқаруды жүзеге асыратын алқалық орган;
7 7) уақытша басқару жөніндегі комиссия – ЖАО қалыптастыратын, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, ЖАО-ның өкiлдерiн қамтитын, уақытша әкімшіліктің қызметін бақылауды жүзеге асыратын алқалық орган.
3 3. Уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
4 4. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімі алты айдан аспайды.
2 2. Уақытша басқаруды жүргізу тәртібі
1 1-параграф. Уақытша басқаруды жүргізудің негіздері мен шарттары
5 5. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің кем дегенде біреуінің болуы жеткілікті:
1
1) Заңның 24-бабында көзделген тәртіппен мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақта беруден бас тартудан көрінген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу жөніндегі шарттық мiндеттемелердiң жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) тиiсiнше орындалмауы;
2 2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етiлген мақта мөлшерiнiң сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерiнен артық болуы фактiсінің анықталуы.
6 6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша уақытша басқаруды енгізудің шарты мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) нәтижесінде жасалатын анықталған бұзушылықтар туралы акті болып табылады.
ЖАО-ның мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізуі үшін мыналар негіз болып табылады:
1 1) тексерулер жүргізу кестесі;
2 2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары).
2 2-параграф. Уақытша басқаруды жүргізу
7 7. ЖАО уақытша басқаруды енгізу үшін негіз болатын фактілер анықталған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде:
1 1) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы сотқа өтініш береді;
2
2) мақта өңдеу ұйымына, мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және аталған мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың бәріне үш жұмыс күні ішінде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар беру туралы ұсыныс жібереді.
8 8. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уақытша басқаруды енгiзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешіктірмей:
1 1) уақытша басқару жөнiндегi комиссия төрағасының кандидатурасын анықтайды және оны ЖАО-ға бекiтуге жолдайды;
2 2) мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететiн банктiң атына мақта өңдеу ұйымының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жiбередi.
9 9. ЖАО уақытша басқаруды енгiзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде республикалық мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде:
1 1) уақытша басқаруды енгiзу туралы;
2 2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысына қатысу құқығы туралы жариялайды.
10 10. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уақытша басқаруды енгiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде уақытша әкiмшiлiк құрамына өкiлдер сайлау үшiн мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткiзудi ұйымдастырады және уақытша әкiмшiлiктің құрамын бекiтедi.
Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың артықшылықты құқығы болады.