Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 803 · қабылданған 29.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94240/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 803 ·29.09.2015
15.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 803 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
803
Қабылданған күні
29.09.2015
Көрсетілген редакция
15.07.2024 94240_711543.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000803
ЭКБ идентификаторы
94240
Редакция идентификаторы
94240_711543
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:12

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 803 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1

2

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәсіпорын қызметінің мәні:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы болып айқындалсын.».

3

3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 3-құжат):
4-тармақта:
1)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функциялары;».

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5 5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 250-құжат):

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эпизоотиялық мониторинг;».

Қолданыстағы