Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 10 · қабылданған 11.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94266/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 ·11.09.2015
14.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
11.09.2015
Көрсетілген редакция
14.09.2016 94266_112139.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PHI04753
ЭКБ идентификаторы
94266
Редакция идентификаторы
94266_112139
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:24

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 205 ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. Качир ауданы Верненка ауылдық округінің Львовка ауылындағы «Вильгельм» шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдардың лейкоз ауруы фактісі бойынша шектеулі іс-шаралар белгіленсін.

2

2. «Качир ауданының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігі Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Качир аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Качир ауданының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Жәрелдинов
2015 жылғы «11» қыркүйек
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Качир
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Сәрсенов
2015 жылғы «11» қыркүйек
«Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау Агенттігі Павлодар облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің
Качир аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Тыртықаев
2015 жылғы «11»қыркүйек

Қолданыстағы