Об утверждении перечня технологического оборудования, являющегося предметом лизинга
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня технологического оборудования, являющегося предметом лизинга
- Атауы (қаз.)
- Лизинг нысанасы болып табылатын технологиялық жабдықтың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-2/758
- Қабылданған күні
- 24.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2019 94290_437240.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012147
- ЭКБ идентификаторы
- 94290
- Редакция идентификаторы
- 94290_437240
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:37
0 Лизинг нысанасы болып табылатын технологиялық жабдықтың тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы лизинг нысанасы болып табылатын технологиялық жабдықтың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
8 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 3-2/758 бұйрығымен
бекітілген
Лизинг нысанасы болып табылатын технологиялық жабдықтың тізбесі
Р/с
№
Жабдықтың атауы
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасының коды
1
Дән уатқыш немесе жаныштағыш
8436 10 000 0
2
Автоматтандырылған сауу қондырғысы
8434 10 000 0
3
Жемшөп үлестіргіш
8436 10 000 0
4
Сүт өткізгіш құбыры бар сауын қондырғысы
8434 10 000 0
5
Сүт салқындатқыш танк
8418 69 000 8
6
Ірі азықты уатқыш
8436 10 000 0
7
Сабанды ұсақтағыш
8436 10 000 0
8
Көңді шашқыш
8432 40 100 0
9
Таразылар және есептегіш құрылғылар комплектісінде жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған гидравликалық станоктар
8479 89 970 8
10
Рулонды сығымдауыш-іріктеуіш
8433 40 000 1
11
Теңді сығымдауыш-іріктеуіш
8433 40 000 1
12
Инкубацияға арналған жабдық
8436 21 000 0
13
Жемшөп цехының жабдығы
8437 80 000 0
14
Сарқынды суларды бұрып жіберуге және тазалауға арналған жабдық
8421 21 000 9
15
Жұмыртқаларды сұрыптауға арналған жабдық
8433 60 000 0
16
Салқындатқыш жабдық
8418 69 000 8
17
Құсты сою цехына арналған жабдық
8438 50 000 0
18
Құсты терең өңдеу цехының жабдығы
8438 50 000 0
19
Құсты өндіру және өңдеудің органикалық қалдықтарына арналған жабдық
8438 80 990 0
20
Қолдан ұрықтандыру пунктіне арналған жабдық
8479 89 970 8
21
Жұмыртқаның қабығын өңдеуге арналған жабдық
8438 60 000 0
22
Жабдықты талғамай жууға арналған қондырғы
8422 20 000 9
23
Қатарлар мен тұғырлықтарды жууға арналған жабдық
8424 30 100 0
24
Бір сатылы батырылатын ортадан тепкіш сорғы
8413 70 210 0
25
Сүт есептеуіш
9028 20 000 0
26
Сүзгіш (тазартқыш центрифуга)
8421 11 000 0
27
Сүтті салқындатқыш
8418 69 000 8
28
Сүтті талдағыш
9027 80 170 0
29
Сүт және сүт өнімдерін суытуға, пастерлеуге, ультрапастерлеуге, стерильдеуге арналған жабдық
8419 89 989 0
30
Сүт және сүт өнімдеріне арналған сепараторлар
8421 11 000 0
31
Сүтті технологиялық өңдеуге арналған жабдық
8434 20 000 0
32
Сүт өнімдерінің түрлерін дайындауға арналған жабдық
8434 20 000 0
33
Технологиялық жабдықтарды жууға арналған жабдық
8422 20 000 9
34
Сүт және сүт өнімдерін таңбалауға, заттаңба жапсыруға, бөлшектеп орауға арналған жабдық
8422 40 000 8
35
Сүт және сүт өнімдерінің ыдыстарын және орамаларын өндіруге арналған автоматтандырылған жабдық, оның ішінде полиэтилентерефталат бөтелкелерін өндіруге арналған автомат
8477 30 000 0
36
Бие немесе түйе сүтін өңдеуге, құюға, тасымалдауға және сақтауға арналған технологиялық жабдық
8434 20 000 0
37
Бие немесе түйе сүтінің және оның өнімдерінің ыдыстарын және орамаларын өндіруге арналған автоматтандырылған жабдық, оның ішінде полиэтилентерефталат бөтелкелерін өндіруге арналған автомат
8477 30 000 0
38
Бие немесе түйе сүтін және оның өнімдерін таңбалауға, заттаңба жапсыруға, бөлшектеп орауға арналған жабдық
8422 40 000 8
39
Бие және түйе сүтін кептіруге арналған лиофильді қондырғылар
8419 39 000 9
40
Союға арналған технологиялық жабдық
8438 50 000 0
41
Ішек-қарын цехына және аяқтарын өңдеу цехына арналған жабдық
8438 50 000 0
42
Өнеркәсіптік салқындатқыш қондырғылар
8418 69 000 8
43
Ет және ет өнімдерін сылып алуға, өндіруге, бөліп орауға (орама) арналған технологиялық жабдық
8438 50 000 0
44
Сарқынды сулар флотациясына арналған жабдық
8421 21 000 9
45
Жануарлардан алынатын қалдықтарды өңдеуге арналған жабдық
8438 80 990 0
46
Технологиялық жабдықты, арнайы инвентарьды, арнайы жұмыс киімін жууға және дезинфекциялауға арналған жабдық
8422 20 000 9
47
Ет және ет өнімдерін бөлшектеп орауға (салуға) арналған технологиялық жабдық
8422 40 000 8
48
Суды көтеріп алуға арналған жел сорғыштары
8412 80 800 0
49
Фермерлік шаруашылықтардың, сүтті-тауарлы фермалардың жай-күйін бақылауға арналған радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері
8517 62 000 2
50
Табындық жылқы шаруашылығы, марал шаруашылығы және жануарлардың басқа түрлеріне арналған GPS навигациялық жүйелері
8526 91 200 0
51
Жануарларды бірдейлендіруді электрондық есепке алу жүйелері (Радиожиілік идентификаторлары)
8523 52 900 9
52
Қапталмаған ұнды сақтауға және тасымалдауға арналған жабдық
8438 20 000 0
53
Сірне шығынын өлшеуге арналған құралдар
9028 20 000 0
54
Электрондық таразы – шикізат және қосалқы өнімдерді мөлшерлеуіш
8423 30 000 0
55
Жануарларға жемшөп дайындауға арналған машиналар мен механизмдер
8436 10 000 0
56
Инкубаторлар мен брудерлер
8436 21 000 0
57
Құс шаруашылығына немесе инкубаторлар мен брудерлерге арналған жабдықтың бөлшектері
8436 91 000 0
58
Етті немесе құс етін өңдеуге арналған жабдық
8438 50 000 0
59
Жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сұрыптауға немесе колибрлеуге арналған машиналар
8433 60 000 0