Құжат мәтініне өту

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории города Алматы

Қаулы · № 3/548 · қабылданған 15.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94296/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории города Алматы Күшін жойған Қаулы ·№ 3/548 ·15.09.2015
27.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории города Алматы

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/548 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/548
Қабылданған күні
15.09.2015
Көрсетілген редакция
27.04.2021 94296_521392.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15R0001211
ЭКБ идентификаторы
94296
Редакция идентификаторы
94296_521392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:23

0 Алматы қаласының аумағында

карантин режимін енгізе отырып,
карантин аймағын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктердің карантині туралы» Заңының 9-1 бабының 3) тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының Алматы қаласының аумағында аса қауіпті карантиндік ауру жеміс ағаштарының бактериялық күйігі Erwinia amylovora (Burill) Winslow et al., (бұдан әрі мәтін бойынша – карантинді нысан), ошағы табылғаны туралы 2015 жылғы 3 шілдедегі №04-09/478, 2015 жылғы 16 шілдедегі №04-09/506, 2015 жылғы 28 шілдедегі №04-09/536 ұсыныстарының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының аумағында карантинді нысанды толық жойғанға дейін карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантинді нысандардың таралу ошағын оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.

3 3. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Алматы қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 3/ 548 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласының аумағындағы карантин режимі енгізілген
карантинді аймақтар

Аудандардың атауы, карантинді нысандардың таралу ошақтары
Залалданған алаң, гектар
1
Жетісу ауданы:
Рысқұлов даңғылы, Қазыбаев және
Жансүгіров көшелерінің арасында
0,03
2
Бостандық ауданы:
«Нұрлытау» шағынауданы
0,02
3
Бостандық ауданы:
«Жайлау» шағынауданы
17
Алматы қаласы бойынша барлығы
17,05

Қолданыстағы