Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами

Бұйрық · № 317 · қабылданған 27.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94306/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами Күшін жойған 27.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами

Күшін жойған Бұйрық № 317 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
317
Қабылданған күні
27.04.2015
Көрсетілген редакция
27.04.2023 94306_630802.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012138
ЭКБ идентификаторы
94306
Редакция идентификаторы
94306_630802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 8 қыркүйек

1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ата­уы*
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның са­ны
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және та­би­ғи ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар
Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
3
Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
3
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ескертпе: * арнайы автокөлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін арналған көлік құралы.

2 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның ата­уы*
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
Ар­найы су кө­лі­гінiң са­ны
Теңiз
Өзен
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы
Кас­пий те­ңі­зі бас­сей­нін­де, Ер­тіс өзе­нін­де және тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер­де қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да ар­найы су кө­лі­гін­де ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру (су­дың, түп шө­гін­ді­ле­рі­нің және ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның ла­ста­нуын тал­да­ма­лық ба­қы­лау)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
1
1
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
1
Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге су қоймаларда бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.