Об установлении единых ставок фиксированного налога по Коксускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Коксускому району
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45-4
- Қабылданған күні
- 04.09.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2018 94307_303576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DN003474
- ЭКБ идентификаторы
- 94307
- Редакция идентификаторы
- 94307_303576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:29
0 Көксу ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422- бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Көксу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2
2. «Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекмұхамбет Оразтай Нұратайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Көксу ауданы мәслихатының
2015 жылғы «4» қыркүйектегі
«Көксу ауданы бойынша бірыңғай
тіркелген салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» № 45-4 шешіміне қосымша
Қызметін Көксу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3