Об утверждении Правил установления квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы продовольственной безопасности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы продовольственной безопасности
- Атауы (қаз.)
- Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4-4/621
- Қабылданған күні
- 09.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2015 94312_35871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012043
- ЭКБ идентификаторы
- 94312
- Редакция идентификаторы
- 94312_35871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:11
0 Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________Ә. Исекешев
2015 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________ Е. Досаев
2015 жылғы «___»___________
0 Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-4/621 бұйрығымен
бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу қағидасы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы
12) тармақшасына сәйкес әзірленген және азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін анықтайды.
2 2. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидалары
2 2. «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен көзделген тәртіппен азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің тұрақты мониторингі нәтижесінде айқындалған азық-түлік қауіпсіздігіне қатер туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ақпарат ұсынады.
3
3. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты негізінде уәкілетті орган егін алаңдарының құрылымын, өндіру және қайта өңдеу көлемін, сондай-ақ тамақ шикізатының нақты түрі (немесе түрлері) қорларының болуын ескере отырып, биоотын өндірісі үшін пайдалануға жоспарланған мониторингі деректерін талдауды жүзеге асырады.
4 4. Республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындағаны туралы куәландыратын факторларды айқындау кезінде уәкілетті орган белгіленген тәртіппен биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілейді.
5 5. Биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі күтілетін өндіріс көлемінен, ауыспалы қорлардың және азық-түлік мұқтаждарына, жем мен тұқымға ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі тұтыну көлемінен анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:
КК = (КӨ + АҚ) - IT, мұнда:
КК - тамақ шикізатына квота көлемі, мың тонна;
КӨ - ауыл шаруашылығы өнімінің ағымдағы жылы күтілетін өндірісі, мың тонна;
АҚ - ауыл шаруашылығы өнімнің ауыспалы қоры, мың тонна;
IT - ауыл шаруашылығы өнімінің (азық-түліктік қажеттілік, жем мен тұқым) ішкі тұтынылуы, мың тонна.