Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 186 · қабылданған 10.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94348/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 186 ·10.09.2015
31.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 186 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
186
Қабылданған күні
10.09.2015
Көрсетілген редакция
31.07.2019 94348_416016.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SL003398
ЭКБ идентификаторы
94348
Редакция идентификаторы
94348_416016
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:25

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Л.Қ. Ілебаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ішкі істер департаменті
Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Е.Ж. Есләмбеков
2015 жыл «10» қыркүйек

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязев ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 186 қаулысына
қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері

1 1. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы.

2 2. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

3 3. Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнды сыйлық.

9 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 186 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарастырады.

2

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Тимирязев ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тимирязев ауданының ПБ) енгізеді.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, белгілейді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Тимирязев ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Тимирязев ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

7 7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, «Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің 252 003 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Тимирязев ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, құнды сыйлықты беруді Тимирязев ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Қолданыстағы