Құжат мәтініне өту

Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки поселка Торетам

Өзге акт · № 295 · қабылданған 22.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94368/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки поселка Торетам Қолданыста Өзге акт ·№ 295 ·22.09.2015
22.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки поселка Торетам

Қолданыста Өзге акт ·№ 295 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки поселка Торетам
Атауы (қаз.)
Төретам кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
295
Қабылданған күні
22.09.2015
Көрсетілген редакция
22.09.2015 94368_29314.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LE005172
ЭКБ идентификаторы
94368
Редакция идентификаторы
94368_29314
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:17

0 Төретам кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 2015 жылғы 22 қыркүйектегі

Қармақшы аудандық мәслихатының
№ 295 шешіміне 1-қосымша
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің жерлерін аймақтарға бөлу ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)

5 2015 жылғы 22 қыркүйектегі

Қармақшы аудандық мәслихатының
№ 295 шешіміне 2-қосымша
Бағалау аймақтарының шекаралары
Аймақ
нөмірі
Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі аймақтардың шекаралары
Аймақ ауданы, гектар
1
2
3
І
I аймақ (012 кварталы)
121,2
Аймақ шекарасы солтүстік жағы темір жолмен, батыс жағы жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшемен, оңтүстік және оңтүстік шығыста кенттің шекарасы арқылы өтіп темір жолға дейін.
ІІ
ІІ аймақ (012, 013 кварталдары)
84,0
Аймақ шекарасы солтүстік шығыс жақтан Ыбырай Жахаев көшесі арқылы өтіп, жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшесімен шектеседі, шығыс жағы толығымен жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшесін қамтиды. Аймақ шекарасының оңтүстігі, батысы және солтүстігі кент шекарасының батыс бөлігі арқылы өтеді.
ІІІ
ІІІ аймақ (013 квартал)
86,0
Аймақтың шекарасы оңтүстіктен темір жол арқылы өтіп, батыстан жоғары кернеулі әуе-тоқ желісі өткен көшемен, солтүстіктен Ыбырай Жахаев және Нұртуған жырау көшелерімен өтеді. Аймақтың шекарасы шығыстан кент шекарасының шығысы арқылы өтеді.
IV
IV аймақ (013 квартал)
15,8
Аймақтың шекарасы оңтүстіктен Ыбырай Жахаев және Нұртуған жырау көшелерімен өтіп, солтүстіктен аймақ шекарасы кент шекарасының солтүстік бөлігі арқылы өтеді.

6 2015 жылғы 22 қыркүйектегі

Қармақшы аудандық мәслихатының
№ 295 шешіміне 3-қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері
Аймақ нөмірі
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері
I
2,0
II
1,5
III
1,0
IV
0,5

Қолданыстағы