Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования международного и республиканского значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования международного и республиканского значения
- Атауы (қаз.)
- Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 516
- Қабылданған күні
- 28.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2025 94391_742354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012148
- ЭКБ идентификаторы
- 94391
- Редакция идентификаторы
- 94391_742354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:16
0 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 26 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 17 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
______________И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 29 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 24 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________ В. Школьник
2015 жылғы 7 қыркүйек
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 516 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына және автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасындағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
2
2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары және көпірлі өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
3 3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
4 4) көпірлі өткел – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, кедергілерді еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2 2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
3
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпірл өткелдерін пайдалану «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 тіркелген) оларды жөндеу мен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
4 4. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.
5 5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарының және көпір өткелдерінің пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
6 6. Ақылы жүруді ұйымдастырушы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында мынадай іс-шаралар өткізеді:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
2
2) «Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33042 болып тіркелген), жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысын уақытша шектейді немесе тыйым салады;
3 3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
4 4) жол қозғалысына қатысушыларды құтқару, жол-көлік оқиғалары, авариялар, дүлей апаттар жағдайларында оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
5 5) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында оларды визуалды тексеру күн сайын жүзеге асырады;
6 6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға жол-көлік оқиғаларын тергеуге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы ілеспе жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізеді.
7 7. Ақылы жүруді ұйымдастырушы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында мынадай талаптарды сақтайды:
1 1) Заңға сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтайды;
2 2) қысқы кезеңде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін уақтылы қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
3 3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4 4) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін сақтау;
5
5) Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларында, «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген), белгіленген жылдамдықты режим шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету;