Об утверждении формы проверочного листа в области космической деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы проверочного листа в области космической деятельности
- Атауы (қаз.)
- Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 858
- Қабылданған күні
- 17.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2015 94395_52893.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012143
- ЭКБ идентификаторы
- 94395
- Редакция идентификаторы
- 94395_52893
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:41
0 Ғарыш қызметі саласындағы
тексеру парағының
нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
2 2. Мыналардың:
1
1) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 46/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған);
2
2) «Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 47/нқ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 120 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7672 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 маусымда № 324-329 (27403) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;
2 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
5 5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2015 жылғы «____»___________
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 17 тамыздағы № 858
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 631
бірлескен бұйрығына
қосымша
Нысан
Ғарыш қызметі саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
______________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________
______________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН)
______________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
Лицензиаттарға
1
Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы
2
Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
3
Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы
4
Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы
Лауазымдық тұлға (-лар) ______________ _________ ____________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______________ _________ ____________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Тексерілетін
субъектінің басшысы _________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)