Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Жалагашского районного маслихата"

Өзге акт · № 46-10 · қабылданған 23.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94404/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Жалагашского районного маслихата" Күшін жойған Өзге акт ·№ 46-10 ·23.09.2015
01.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Жалагашского районного маслихата"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 46-10 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Жалагашского районного маслихата"
Атауы (қаз.)
"Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46-10
Қабылданған күні
23.09.2015
Көрсетілген редакция
01.02.2016 AI94404_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LF005173
ЭКБ идентификаторы
94404
Редакция идентификаторы
AI94404_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:17

0 "Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі бекітілсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жа­ла­ғаш аудан­дық
Жа­ла­ғаш аудан­дық
мәс­ли­ха­ты­ның XLVІ сес­си­я­сы­ның
мәс­ли­ха­ты­ның
тө­ра­ға­сы
хат­шы­сы
Д. БАЙ­МА­ХА­НОВ
К. СҮ­ЛЕЙ­МЕ­НОВ
Жа­ла­ғаш аудан­дық мәс­ли­ха­ты­ның
2015 жы­л­ғы 23 қыр­күй­ек­те­гі № 46-10
ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген
“Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі “Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

2 2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3 3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

4 4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1 1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

2 2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).

Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

5 5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6 6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі “қанағаттанарлықсыз” деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

7 7. “Қанағаттанарлықсыз” деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

8 8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, Комиссия Жалағаш аудандық мәслихат хатшысының өкімімен құрылады. Комиссия құрамына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9 9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

10 10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы болып Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы табылады.
Комиссия хатшысы “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің кадр қызметінің қызметкері болып табылады (бұдан әрі – Кадр қызметі). Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2 2. Бағалау жүргізуге дайындық

11 11. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді. Бағалауды өткізу кестесі Жалағаш аудандық мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі.

Кадр қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3 3. Тікелей басшының бағалауы

12

12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын Кадр қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Кадр қызметіне қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4 4. Айналмалы бағалау

13 13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Кадр қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

14 14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

15 15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды Кадр қызметінен алған күннен екі жұмыс күні ішінде Кадр қызметіне жіберіледі.

16 16. Кадр қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.

17 17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5 5. Қызметшінің қорытынды бағасы

18 18. Кадр қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c
a – қызметшінің қорытынды бағасы;
b – тікелей басшының бағасы;
c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

19 19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – “қанағаттанарлықсыз”;
21-ден 33 балға дейін – “қанағаттанарлық”;
33 балдан жоғары – “тиімді”.

6 6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

20 20. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Кадр қызметі комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1 1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2 2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3 3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4 4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

21 21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1 1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

1 1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

2 2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.

Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

22 22. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

23 23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадр қызметінде сақталады.

7 7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

24 24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25

25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

26 Тікелей басшысының бағалау парағы

26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
“Жа­ла­ғаш аудан­дық мәс­ли­хат ап­па­ра­ты”
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің “Б” кор­пу­сы
мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нің
қыз­ме­тін жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау
Әді­сте­ме­сіне 1-қо­сым­ша
ны­сан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә:______________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
№ р/н
Өл­шем
Көр­сет­кіш­тің мәні (са­ны)
Ба­ға (балл)
1.
Ба­ста­ма­шы­лы­ғы
2-ден 5-ке дей­ін
2.
Ла­у­а­зым­ды мін­дет­те­рін орын­дау са­па­сы
2-ден 8-ге дей­ін
3.
Әре­кет­те­стікке икем­ді­лі­гі
2-ден 5-ке дей­ін
4.
Қыз­мет­тік эти­ка­ны сақ­та­уы
2-ден 5-ке дей­ін
Бар­лы­ғы (бар­лық ба­ға­лар­дың ба­ға­сы):
Та­ны­стым:
Қыз­мет­ші
Т.А.Ә.______________________
кү­ні________________________
қо­лы­_______________________
Ті­ке­лей бас­шы
Т.А.Ә.____________________
кү­ні______________________
қо­лы­____________________
“Жа­ла­ғаш аудан­дық мәс­ли­хат ап­па­ра­ты”
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің “Б” кор­пу­сы
мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нің
қыз­ме­тін жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау
Әді­сте­ме­сіне 2-қо­сым­ша
ны­сан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:________________________________
№ р/н
Өл­шем
Көр­сет­кіш­тің мәні (са­ны)
Ба­ға (балл)
Ба­ғы­ны­шты адам
1.
Жұ­мысты жос­пар­лай алу қа­бі­ле­ті
2-ден 5-ке дей­ін
2.
Жұ­мысқа ын­та­лан­ды­ру қа­бі­ле­ті
2-ден 5-ке дей­ін
3.
Қыз­мет­тік эти­ка­ны сақ­та­уы
2-ден 5-ке дей­ін
Бар­лы­ғы (бар­лық ба­ға­лар­дың ба­ға­сы)
Әріп­те­сі
1
Топ­та жұ­мыс іс­тей алу қа­бі­ле­ті
2-ден 5-ке дей­ін
2
Қыз­мет­тік эти­ка­ны сақ­та­уы
2-ден 5-ке дей­ін
3
Ла­у­а­зым­ды мін­дет­те­рін орын­дау са­па­сы
2-ден 5-ке дей­ін
Бар­лы­ғы (бар­лық ба­ға­лар­дың ба­ға­сы):
“Жа­ла­ғаш аудан­дық мәс­ли­хат ап­па­ра­ты”
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің “Б” кор­пу­сы
мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нің
қыз­ме­тін жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау
Әді­сте­ме­сіне 3-қо­сым­ша
ны­сан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

р/р
Қыз­мет­ші­нің Т.А.Ә.
Ті­ке­лей бас­шы­ның ба­ға­сы
Ай­нал­ма­лы ба­ға
Қо­ры­тын­ды ба­ға
1
Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы:______________________Күні:_________________
(Т.А.Ә. қолы)
Комиссия төрағасы:______________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. қолы)
Комиссия мүшесі:_______________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. қолы)

Қолданыстағы