О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Наурзумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Наурзумского района
- Атауы (қаз.)
- Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 17.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 94407_134333.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NP005929
- ЭКБ идентификаторы
- 94407
- Редакция идентификаторы
- 94407_134333
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:21
0 Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу мақсатында Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Науырзым ауданының әкімі
_________________ Т. Даиров
«17» қыркүйек 2015 жыл
3 Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы
17 қыркүйектегі № 333
шешіміне қосымша
Науырзым ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
№
р/р
Елді мекендердің атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
1
Буревестник ауылдық округі
Буревестник ауылындағы орталық алаң
2
Қарамеңді ауылдық округі
Қарамеңді ауылындағы Шақшақ Жәнібек көшесіндегі орталық алаң
3
Дәмді ауылдық округі
Дәмді ауылындағы Байтұрсынов көшесіндегі алаң
4
Раздольное ауылы
Раздольное ауылындағы Баймағамбетов көшесіндегі алаң
5
Қожа ауылы
Қожа ауылындағы Асанбаев көшесіндегі алаң
6
Шилі ауылы
Шилі ауылындағы Ленин көшесіндегі алаң
7
Шолақсай ауылы
Шолақсай ауылындағы Целинная көшесіндегі алаң
8
Өлеңді ауылы
Өлеңді ауылындағы Атамекен көшесіндегі алаң