О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 06.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2015 94466_27525.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15U0000314
- ЭКБ идентификаторы
- 94466
- Редакция идентификаторы
- 94466_27525
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:07
0 Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы орынбасары Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
Д.Сатыбалды
Б. Жылқышиев
Е.Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
4 Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы «06» қазандағы
№314 қаулысына қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр
күші жойылған нормативтік құқықтық қаулыларының
тiзбесi
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 09 маусымдағы «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2726-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 04 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2733-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 09 маусымдағы «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2734-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» №182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2723-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 07 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
5. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» №184 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2731-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
6. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі тамыздағы «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицезиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №209 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2759-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
7. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі «Автомобиль көлігісаласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» №210 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2758-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
8. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №273 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2818-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 11 қазанда Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
9. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2817-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 11 қазанда Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
10. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» №302 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2853-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
11. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы «2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі №176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №235 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2060-нөмірімен тіркелді, 2011 жылғы 21 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).