Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 21.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2016 94503_90592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NHI05933
- ЭКБ идентификаторы
- 94503
- Редакция идентификаторы
- 94503_90592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:19
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысының Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Досовка ауылы мекенжайында орналасқан «Тобольское-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________________ В.Шерер
21. 09. 2015 ж.
«Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетiнiң
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
___________________________Л.Покотило
21.09.2015 ж.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Денисов аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
____________________________ С.Бакиев
21.09.2015 ж.