Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в области семеноводства

Қаулы · № 53/01 · қабылданған 15.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94534/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в области семеноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 53/01 ·15.09.2015
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в области семеноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 53/01 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в области семеноводства
Атауы (қаз.)
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53/01
Қабылданған күні
15.09.2015
Көрсетілген редакция
31.01.2020 94534_442021.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15K0003445
ЭКБ идентификаторы
94534
Редакция идентификаторы
94534_442021
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:23

0 Тұқым шаруашылығы

саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

2 2) «Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 49/01 «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2771 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 173-174 (21694-21695) «Индустриальная Караганда» газетінде және 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 187-188 (21822) «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған), 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/06 «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2726 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) «Индустриальная Караганда» газетінде және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы " 15 " қыркүек
№ 53/01 қаулысымен бекітілді
«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

8 «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 53/01 қаулысымен бекітілді
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

2 2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының порталға стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынуы болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды.

Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдау;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсынады.

Нәтижесі - құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсыну;

4

4) аттестаттау комиссиясы құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді және жергілікті жерге бара отырып, көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелді) Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларға (бұдан әрі – қағида) 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан зерттеп-қарау жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Нәтижесі - өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту немесе көрсетілетін қызметті алушыны талаптарға сәйкестігі тұрғысынан зерттеп-қарау жүргізу үшін жергілікті жерге бару;

5

5) көрсетілетін қызметті алушыны зерттеп-қарау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағидаларға  8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігіне зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі – зерттеп-қарау актісі) екі данада жасайды. Бір данасы аттестаттау комиссиясында қалады, екіншісі көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының зерттеп-қарау актісін жасау;

6 6) аттестаттау комиссиясы зерттеп-қарау актісін қарау қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде аттестаттау туралы куәлікті беру не аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

Нәтижесі - аттестаттау туралы куәлікті беру не аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;

7

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы аттестаттау комиссияның аттестаттау туралы куәлікті беру туралы шешімі негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлік жолдайды.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» аттестаттау туралы куәлікті жолдау.

3 3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;

4 4) аттестаттау комиссиясы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды аттестаттау комиссияның қарастыруына ұсынады;

4

4) аттестаттау комиссиясы құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді және жергілікті жерге бара отырып, көрсетілетін қызметті алушыға қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан зерттеп-қарау жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады;

5

5) көрсетілетін қызметті алушыны зерттеп-қарау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағидаларға  8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеп-қарау екі данада жасайды. Бір данасы аттестаттау комиссиясында қалады, екіншісі өтініш алушыға беріледі;

6 6) аттестаттау комиссиясы зерттеп-қарау актісін қарау қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде аттестаттау туралы куәлікті беру не аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды;

7

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы аттестаттау комиссияның аттестаттау туралы куәлікті беру туралы шешімі негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлік жолдайды.

4 4 тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеуді іске асырады;

2 2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);

3 3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4 4) 2-үдеріс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне құжаттарды стандарттың 9-тармағына сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;

6 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);

7 7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жолдау;

9 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарын сәйкестікке тексеруі;

10 10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

9 9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

1 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы

«Бірегей және элиталық тұқымдар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген
тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы

2 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Бірегей және элиталық тұқымдар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген
тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы