Об утверждении натуральных норм технических средств фиксации фактов совершения уголовных и административных правонарушений и действий сотрудников подразделений дорожно-патрульной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм технических средств фиксации фактов совершения уголовных и административных правонарушений и действий сотрудников подразделений дорожно-патрульной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 748
- Қабылданған күні
- 07.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2018 94545_317925.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012171
- ЭКБ идентификаторы
- 94545
- Редакция идентификаторы
- 94545_317925
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:28
0 Қазақстан Республикасы ішкі істер
органдары жол-патрульдік полициясы
бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық
және әкімшілік құқық бұзушылықтарды
жасау фактілерін және іс-әрекетін
тіркеудің техникалық құралдарының
заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары тіркеудің техникалық құралдарымен жарақтауды тиісті жылға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылы 16 қыркүйек
9 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қыркүйек
№ 748 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық
және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау
фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының
заттай нормаларын бекіту туралы
р/с
№
Мүлік атауы
Саны
(к-т)
Тиесілігі
Ескертпе
Пайдалану уақыты
1
Портативтік бейнетіркегіш
(бейнежетон)
1
Жол-патрульдік полициясының әрбір қызметкеріне
Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін
7 жыл
2.
Деректерді зарядтаудың, мұрағаттаудың және сақтаудың мультимидиялық терминалы (деректерді босату жүйесі)
50
Әрбір Ішкі істер департаментіне
1 станция 56 портативтік
бейнетіркегішке дейін
7 жыл