Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения

Бұйрық · № 515 · қабылданған 28.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94548/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения Күшін жойған Бұйрық ·№ 515 ·28.04.2015
06.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 515 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения
Атауы (қаз.)
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
515
Қабылданған күні
28.04.2015
Көрсетілген редакция
06.06.2019 94548_410520.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012099
ЭКБ идентификаторы
94548
Редакция идентификаторы
94548_410520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:17

0 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 7 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 26 маусым

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 515 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары

1

1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен және плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру тәртібін айқындайды.

2

2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға паспорт алу үшін, жеке және заңды тұлғалар Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға (бұдан әрі - Ұлттық оператор) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Ұлттық оператор өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестігін тексереді.

3

3. Оң шешім қабылданған жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт ресімделеді, онда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі қоса беріледі.

4 4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты алуға өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт бір жыл мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама эскизі өзгерген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі және (немесе) рұқсат алған кезде өтінішпен бірге тапсырылған сыртқы (көрнекі) жарнама эскизіне сәйкес келмейтіні анықталған кезде тоқтатылады.

4-1 4-1. Ұлттық оператор өтініш беруші ұсынған құжаттардың, оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты беруден бас тартады.

5 5. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Ұлттық операторымен келіспей, жеке және заңды тұлғалардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жол берілмейді.

1 ӨТІНІШ

Халықаралық және республикалық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының жолға бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
қағидаларына қосымша
Нысан
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ___________ облыстық филиалы
____________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
____________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері
____________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған құжатын беруіңізді сұраймын.
Күні ___________ Алушы __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________
немесе заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
__________________________________________________
атауы, қолы)

Қолданыстағы