Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача заключения (разрешительного документа) на ввоз образцов незарегистрированных средств защиты растений (пестицидов) для проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и (или) научных исследований в соответствии с решениями Коллегии Евразийской экономической комиссии»

Бұйрық · № 15-02/810 · қабылданған 09.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94562/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача заключения (разрешительного документа) на ввоз образцов незарегистрированных средств защиты растений (пестицидов) для проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и (или) научных исследований в соответствии с решениями Коллегии Евразийской экономической комиссии» Күшін жойған Бұйрық ·№ 15-02/810 ·09.09.2015
18.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача заключения (разрешительного документа) на ввоз образцов незарегистрированных средств защиты растений (пестицидов) для проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и (или) научных исследований в соответствии с решениями Коллегии Евразийской экономической комиссии»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 15-02/810 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача заключения (разрешительного документа) на ввоз образцов незарегистрированных средств защиты растений (пестицидов) для проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и (или) научных исследований в соответствии с решениями Коллегии Евразийской экономической комиссии»
Атауы (қаз.)
«Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15-02/810
Қабылданған күні
09.09.2015
Көрсетілген редакция
18.11.2020 94562_494160.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012176
ЭКБ идентификаторы
94562
Редакция идентификаторы
94562_494160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:26

0 «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе)

ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 15-02/810 бұйрығымен
бекітілген
«Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/654 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12088 болып тіркелген) бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған уәкілетті органның қорытындысы (рұқсат құжаты) (бұдан әрі – қорытынды) не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар қоса берілген электрондық сұранымының болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

1 1) сұраным келіп түскеннен кейін порталда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі – орындалу уақыты 15 (он бес) минут;

2 2) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты басқарманың (бұдан әрі – Басқарма) басшысы жауапты орындаушыны айқындайды және оған көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын қарастыруға жібереді – орындалу уақыты 20 (жиырма) минут;

3

3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы өтініште және құжаттарда көрсеткен мәліметтерді пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарымен салыстырып қарайды, қорытынды жобасын дайындайды – орындалу уақыты 1 (жұмыс) күні.
Ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі – орындалу уақыты
2 (екі) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы және сәйкестігі расталған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы қорытынды жобасын дайындайды және Басқарма басшысының қарауына енгізеді – орындалу уақыты 1 (бір) жұмыс күні;

4 4) Басқарма басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келіседі – орындалу уақыты 30 (отыз) минут;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – орындалу уақыты 1 (бір) сағат.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

6 6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:

кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
жауапты орындаушының қарауы үшін Басқарма басшысының қарары;
көрсетілетін қызметті алушының барлық талап етілетін құжаттарының бар екені туралы белгі немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;
көрсетілетін қызметті алушы өтінішінде және құжаттарында көрсеткен мәліметтердің пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу жоспарларына сәйкес келуі;
жауапты орындаушының қорытынды жобасын не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдеуі;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келісу және оған қол қою;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) Басқарма басшысы;

3 3) жауапты орындаушы;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күннен бастап, алынған құжаттарды және электрондық сұранымды тіркейді және Басқарма басшысына жібереді – орындалу уақыты 15 ( он бес) минут;
жауапты орындаушының қарауы үшін Басқарма басшысының қарары – орындалу уақыты 20 (жиырма) минут;
жауапты орындаушының қорытынды жобасын не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдеуі және оны Басқарма басшысының қарауына енгізуі – орындалу уақыты 1 (бір) жұмыс күні;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Басқарма басшысының келісуі – орындалу уақыты 30 (отыз) минут;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы – орындалу уақыты 1 (бір) сағат;
көрсетілетін қызметті алушыға қорытындыны не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру.

9 9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі анықтамалығында келтірілген.

4 4-тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

11 11. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде жүгiну тәртібінің және көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының рәсiмдері (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1 1) көрсетiлетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсiмдері

(iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (портал арқылы тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің шынайлығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен паролі арқылы порталда тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
3-процесс – қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраным нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркей отырып, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранымды куәландыру (оған қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ төлнұсқалылығын растамауына байланысты сұратылып отырған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру ( оған қол қою);
7-процесс – ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) тіркеу және сұранымды АЖ-да өңдеу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қорытынды беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;
8-процесс – АЖ-дағы деректерде бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылып отырған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9-процесс – көрсетiлетін қызметті алушының АЖ қалыптастырған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қолданыла отырып қалыптастырылады;

2 2) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-процесс – мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының АЖ-да логин мен парольді енгiзуi (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – логин және пароль арқылы АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген жауапты орындаушысы туралы деректердiң төлнұсқалылығын тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты, АЖ-ның авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
3-процесс – көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сұраным нысанын экранға шығару;
4-процесс – сұранымды АЖ-да тіркеу және көрсетілетін қызметті АЖ-да өңдеу;
5-процесс – көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексеруі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;
6-процесс – көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Басқарма басшысына келісуге жіберуі;
7-процесс – көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қоюға жіберуі;
8-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
9-процесс – көрсетiлетін қызметті алушының АЖ қалыптастырған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 және 3- қосымшаларда келтірілген.

1 Жұмыскерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі анықтамалығы

«Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының шешіміне сәйкес тіркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын
және (немесе) ғылыми зерттеулер
жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың
тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің)
үлгілерін әкелуге арналған қорытынды
(рұқсат құжаты) беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Жұмыскерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі анықтамалығы

2 Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы

«Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының шешіміне сәйкес тіркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын
және (немесе) ғылыми зерттеулер
жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың
тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің)
үлгілерін әкелуге арналған қорытынды
(рұқсат құжаты) беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық
жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы

3 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы

«Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының шешіміне сәйкес тіркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын
және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу
үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген
құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін
әкелуге арналған қорытынды
(рұқсат құжаты) беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық
жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы

Қолданыстағы