Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам и правил их аттестации, независимо от формы собственности субъекта, предоставляющего специальные социальные услуги Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі __________Т. Дүйсенова 21 тамыз 2015 жыл
Басқа 1. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына 1-қосымша Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары: «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім немесе «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік).
Тармақ 2-1
2-1. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығымен бекіліген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29355 болып тіркелді) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормасын сақтайды.
Тармақ 3
3. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 2
2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 3
3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 4
4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Тармақ 4
4. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 2
2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 3
3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 4
4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Басқа 2. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыз № 538 бұйрығына 2-қосымша Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары белгіленген талаптарға сәйкес қажетті біліктілігі бар білім беру саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызметкер – арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін, әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге бағалау мен қажеттіліктерді айқындауды жүзеге асыратын қызметкер;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Тармақша 4
4) әлеуметтік қызметкердің лауазымына орналасуға үміткер азаматтарға кәсіптік даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және лауазымға сәйкес келуін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) біліктілік санаты – әлеуметтік қызметкердің кәсіби даярлығының дәрежесі, онда жұмыс күрделілігінің белгілі дәрежесін орындауға қажетті білімнің, іскерлік пен дағдылардың болуы;
Тармақ 3
3. Аттестаттау әлеуметтік қызметкердің біліктілік талаптарына сәйкестігі деңгейін анықтау үшін бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі, бірақ осы қызметке орналасқан күнінен бастап бір жыл толмай өткізілмейді, бала күтіміне байланысты демалыстағы адам жұмысқа шыққан соң алты айдан кейін ғана аттестатталады.
Тармақ 4
4. Арнайы әлеуметтік қызметті ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкер «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 болып тіркелген) сәйкес өтініш негізінде аттестаттаудан өтеді.