Об утверждении Правил получения гарантий фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил получения гарантий фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам
- Атауы (қаз.)
- Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-5/575
- Қабылданған күні
- 26.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2022 94659_553254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012035
- ЭКБ идентификаторы
- 94659
- Редакция идентификаторы
- 94659_553254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:22
0 Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының кепілдіктерін
алу қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 7 тамыз
7 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 шілдедегі № 4-5/575
бұйрығымен бекітілген
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу
қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) кепілдік берілген мақта көлемі – қайтару жөніндегі жауапкершілікке қор кепілдік беретін, әрбір қорға қатысушыға қор белгілейтін мақта көлемі;
2 2) қатысу шарты – қор мен мақта өңдеу ұйымы арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысады;
3 3) қорға қатысушы – қормен жасалған және қатысу шарты қолданылатын мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;
4 4) мақта қолхатын ұстаушы – мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі, мақта қолхатында индоссамент жасаған жағдайларда – индоссат;
5
5) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – қор немесе қорлар).
2 2. Қордың кепілдіктерін алу тәртібі
3 3. Қордың кепілдігін алу үшін мақта қолхатын ұстаушы қорға еркін нысанда өтініш береді және оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1 1) кепілдік және қоймалық куәліктері бөлінбеген мақта қолхаты;
2 2) Заңның 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес шарттардың үлгілік нысандарына сәйкес келетін шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу және (немесе) шитті мақтаны сақтауға жасалған шарттардың көшірмесі;
3 3) қатысушының осы мақта қолхатын кепілдендірілген мақта көлеміне енгізу туралы қолдаухаты бар ілеспе хаты;
4 4) заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесiн ұсынады;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;