Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 303
- Қабылданған күні
- 16.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 94687_693147.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0005195
- ЭКБ идентификаторы
- 94687
- Редакция идентификаторы
- 94687_693147
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:21
0 Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бақару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берілген Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешiмiмен
бекітілген
Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1 1. Жалпы ереже
1
1. Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін анықтайды.
2 2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар
2
2. Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету салаларындағы, жастарға тәрбие беру жұмыстарындағы, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметі және облыстағы белсенді еңбегі мен қоғамдық-саяси қызметі үшін және өзге де сіңірген еңбектерін ардақтау белгісі ретінде облыс азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары наградталуы мүмкін.
3 3. Құрмет грамотасы:
1 1) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған;
2 2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған;
4 4) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар наградталмайды.
4 4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргізілмейді.
5 5. Құрмет грамотасы келесі сипаттамада болуы қажет:
1 1) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан;
2 2) ортадан сәл төменірек: "Құрмет грамотасы" - деген сөз жазылған;
3 3) оның бірінші бетінде Елтаңба салынған, ал ішкі беттері алтын түстес ұлттық өрнекпен бейнеленген;
4 4) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.
3 3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
6
6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыным облыс әкімдігіне ұсынылады және онда ұсынылушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын қызметі туралы мәліметтер, саладағы және тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша жалпы еңбек стажы, еңбек жолы мен жетістіктері туралы, наградтары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
7 7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсынымды еңбек, шығармашылық ұжымдары, қалалық, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.
8 8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған азаматтардан келіп түскен материалдар қаралмайды.
9 9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім қабылдау арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.