О наименовании и переименовании составных частей городов Талдыкорган, Текели Алматинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании и переименовании составных частей городов Талдыкорган, Текели Алматинской области
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы Талдықорған, Текелі қалаларының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48-277
- Қабылданған күні
- 27.08.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2015 94697_27372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0003462
- ЭКБ идентификаторы
- 94697
- Редакция идентификаторы
- 94697_27372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:34
0 Алматы облысы Талдықорған, Текелі
қалаларының құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талдықорған қаласының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1
1)Талдықорған қаласы «Шайқорған» тұрғын үй алабының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – «Балқарағай», екінші көшеге – «Бәйтерек»; солтүстік-шығысында орналасқан төртінші көшеге – «Астана»; оңтүстік-шығысында орналасқан алтыншы көшеге – «Тұран», жетінші көшеге – «Данабұлақ», сегізінші көшеге – «Жастерек»; солтүстігінде орналасқан тоғызыншы көшеге – «Қыран», оныншы көшеге – «Жаскент», он бірінші көшеге – «Қайнар», он екінші көшеге – «Сұңқар», он бесінші көшеге – «Наурыз», он алтыншы көшеге – «Парасат»; оңтүстігінде орналасқан жиырма бірінші көшеге – «Бестерек»; оңтүстік-шығысында орналасқан жиырма бесінші көшеге – «Арасан», жиырма алтыншы көшеге – «Арқарлы», жиырма жетінші көшеге – «Құлан», жиырма сегізінші көшеге – «Қарағаш»;
2
2)Талдықорған қаласы «Жеміс тәлім бағы» тұрғын үй алабының оңтүстік-батысында орналасқан төртінші көшеге – «Сарыбұлақ», бесінші көшеге – «Жарбұлақ»; сегізінші көшеге – «Матай», тоғызыншы көшеге – «Асылтас», оныншы көшеге – «Жетікөл», он бірінші көшеге – «Сұлутөр», он екінші көшеге – «Олжас Құлжабеков», он үшінші көшеге – «Нұрила Жидебаева»;
3
3)Талдықорған қаласының «Алматы-Талдықорған» трассасы бойындағы коттедж қалашығының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге – «Тәнеке Дөсетұлы», үшінші көшеге – «Шұғыла»; батысында орналасқан екінші көшеге – «Шалбай Райымбеков»; оңтүстігінде орналасқан алтыншы көшеге – «Көксай», жетінші көшеге – «Ақжол»; шығысында орналасқан сегізінші көшеге – «Еламан»;
4 4)Талдықорған қаласы «Солтүстік» тұрғын үй алабының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – Шиелі, үшінші көшеге – «Тоқжайлау»;
5 5)Талдықорған қаласы «Қаратал» шағын ауданының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге – «Райымбек батыр».
2 2. Талдықорған қаласының солтүстігінде орналасқан «И. Белов» көшесі – «Әбубәкір Тыныбаев» көшесі болып қайта аталсын.
3 3. Текелі қаласының «П. Козлов» орталық алаңы – «Тәуелсіздік» алаңы болып қайта аталсын.
4 4. Текелі қаласының келесі көшелері:
Бауман көшесі – Ойқоныс көшесі; Горняцкая көшесі – Мыңбұлақ көшесі; Ключевая көшесі – Қайнар көшесі; Лермонтов көшесі – Тұрар Рысқұлов көшесі; Островский көшесі – күйші Дәулеткерей көшесі; Подгорная көшесі – Бөктерлі көшесі; С. Лазо көшесі – Ынтымақ көшесі; Тимирязев көшесі – Күншығыс көшесі; Западная көшесі – Батыс көшесі; Ватутин көшесі – Ойсаз көшесі; Энергетиков көшесі – Жиделі көшесі; Железнодорожная көшесі – Теміржол көшесі; Ломоносов көшесі – Жүсіп Баласағұн көшесі; Чкалов көшесі – Қасым хан көшесі; Пархоменко көшесі – Маржантас көшесі; Подхозная көшесі – Шұғыла көшесі; Титов көшесі – Ертай Берікбаланов көшесі; Октябрьская көшесі – Теректі көшесі; Молодежная көшесі – Көктем көшесі; Пионерская көшесі – Ұлан көшесі болып қайта аталсын.
5 5. Текелі қаласының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – «Шалқар», екінші көшеге – «Жетісу», үшінші көшеге – «Бірлік», төртінші көшеге – «Береке», бесінші көшеге – «Алмалы» атаулары берілсін.
6
6. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста жариялау Алматы облысының мәслихатына жүктелсін.