Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам местных бюджетных программ средств из областного бюджета на представительские расходы и нормы представительских расходов Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне өкілдіктік шығыстарға қаржы бөлу тәртібі туралы Ережені бекіту және өкілдіктік шығыстардың мөлшері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 21.11.2001 № 177 шешімімен.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі «Республикалық бюджеттен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне өкілдіктік шығыстарға қаржы бөлу тәртібі туралы Ережелерді және өкілдіктік шығыстардың мөлшерін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, облыс әкімі шешті:
Тармақ 1
1. Қосымшадағы бекітілсін:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне өкілдіктік шығыстарға қаржы бөлу тәртібі туралы Ережелер; (№1 қосымша)
Тармақша 2
2) өкілдіктік шығыстар мөлшері. (№2 қосымша)
Тармақ 2
2. Аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдеріне осыған ұқсас жергілікті атқарушы және өкілдікті органдарға жергілікті бюджеттерден өкілдіктік шығыстарға қаржы бөлу тәртібі туралы Ережелер дайындап, бекіту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
Басқа 6
(№1 қосымша)
Облыс әкімінің 2001 жылғы 03.05.
№ 93 шешімімен бекітілген
Облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне өкілдіктік шығыстарға қаржы бөлу тәртібі туралы Ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне өкілдіктік шығыстарға қаржы бөлу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы ережелерде келесі ұғымдар пайдаланылады:
өкілдіктік шығыстар - ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің шетел делегацияларын қабылдап, қарсы алулары, семинарлар, кеңестер, ресми және салтанатты жиын, шаралар өткізулері үшін облыстық бюджетте қарастырылылатын қаржы.
Өкілдіктік шығыстарға жататын шығыстар:
Тармақша 1
1) ресми түстіктер, кешкі қонақасылар, фуршеттер;
Тармақша 2
2) музыкамен әспеттеу;
Тармақша 3
3) кәдесый, ескерткіш сыйлықтар;
Тармақша 4
4) автокөлік қызметтері;
Тармақша 5
5) аудармашылардың еңбек ақыларын төлеу;
Тармақша 6
6) залды жалға алу;
Тармақша 7
7) облыс әкімінің рұқсатымен жұмсалатын басқа да шығындар;
Тарау 2. 2. Облыс бюджетіндегі өкілдіктік шығыстарға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі:
2. Облыс бюджетіндегі өкілдіктік шығыстарға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі:
Тармақша 3
3). Облыс бюджетінен өкілдік шығыстарға қаржы бөлу облыс әкімінің шешімінің негізінде жүзеге асады.
Тармақша 4
4) Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің облыстық бюджеттен өкілдіктік шығыстарға қаржы белу туралы өтініштері облыс әкімінің шешімімен қаралып, дайындалады, тек мына құжаттар болған жағдайда:
Тармақша 1
1) шараны өткізу қажеттілігінің негіздері;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның келу бағдарламары;
Тармақша 3
3) шараларды дайындаудағы жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың болжалды құрамы;
Тармақша 5
5) белгіленген мөлшердің шегінде әр бабы негізделген шығыс сметалары;
Тармақша 6
6) шығыс сметалары бойынша облыстық қаржы басқармасының тұжырымы;
Тармақша 5
5) Осы Ережелердің 2 тармағының 2, 3 және 6 тармақшаларында белгіленген шығыс сметалары бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен калькуляциясы мен көрсетілетін қызметтерді атқаратын ұйымның деректемелері көрсетілген қуаттаушы құжаттар тапсырылады.
Тарау 3. 3. Бақылау және есеп беру
3. Бақылау және есеп беру
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы өкілдіктік шығыстарға бөлінгең, қаржының жұмсалуына бақылау жасайды.
Тармақ 7
7. Өкілдіктік шығыстарға қаржы алушы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгелері ҚР Қаржы министрлігімен белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаржының пайдаланылуы және атқарылған жұмыс құны мен көлемі туралы есептерін тапсырады.
Тармақ 8
8. Өкілдіктік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы үшін жауапкершілік қаржыны алушыға жүктеледі.
Басқа 30. Өкілдіктік шығыстардың мөлшерлері
(қосымша № 2)
Облыс әкімінің 2001 жылғы 03.05.
№ 93 шешімімен бекітілген
Өкілдіктік шығыстардың мөлшерлері
Шығыс атаулары
Теңгемен есептегендегі құны
1. Делегацияға ресми түстіктер мен кешкі қонақасы беру шығыны бір адамға бір күнде жұмсалатын шығын есебінен алынады
3000 теңгеге дейін
2. Келіссөздер мен өткізілетін мәдени шараларға, аудармашы мен бірге еріп жүретін басқа да ресми тұлғаларды есепке алғанда бір адамға жұмсалатын бір күндік шығын есебінен бюджеттен қаржы бөлу
600 теңгеге дейін
3. Делегацияны қарсы алатын, мемлекеттік органның штаттық құрамына енетін аудармашының еңбек ақысын төлеу
500 теңгеге дейін
4. Көлік шығындарын төлеу (8 сағ.)
500 теңгеге дейін
Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетел делегацияларына автомобиль көліктерімен қызмет етуге жұмсалатын шығындар сағат бойынша төленетін шығыс сметаларының құрамында қарастырылады.
Тармақ 2
2. Шетел делегацияларын ресми қабылдау кезінде берілетін түстік, кешкі қонақасы және басқа да өткізілетін шараларда облыс органдарынан қатысушылардың саны шетел делегацияларынан қатысушы адамдардың санынан артпауы тиіс.
Тармақ 3
3. Құрамы 5 адамнан асатын делегациялар кезінде қызмет етуші адамдар мең аудармашылар құрамы кем дегенде делегацияның бес мүшесіне бір адамнан және аудармашыдан келетін есепте анықталсын.