Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи, обращения и погашения зерновых расписок, требований к образцу зерновых расписок и бланкам, на которых выписывается зерновая расписка, Правил выпуска, приобретения, хранения и уничтожения бланков зерновых расписок

Бұйрық · № 4-1/620 · қабылданған 09.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94715/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи, обращения и погашения зерновых расписок, требований к образцу зерновых расписок и бланкам, на которых выписывается зерновая расписка, Правил выпуска, приобретения, хранения и уничтожения бланков зерновых расписок Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/620 ·09.07.2015
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи, обращения и погашения зерновых расписок, требований к образцу зерновых расписок и бланкам, на которых выписывается зерновая расписка, Правил выпуска, приобретения, хранения и уничтожения бланков зерновых расписок

Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/620 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи, обращения и погашения зерновых расписок, требований к образцу зерновых расписок и бланкам, на которых выписывается зерновая расписка, Правил выпуска, приобретения, хранения и уничтожения бланков зерновых расписок
Атауы (қаз.)
Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-1/620
Қабылданған күні
09.07.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2020 94715_540297.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012092
ЭКБ идентификаторы
94715
Редакция идентификаторы
94715_540297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:11

0 Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) және 15) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидалары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидалары.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы « » _______

1 Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-1/620 бұйрығына
1-қосымша
Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 каңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1 1) астық қолхаттарының тiзiлiмi – астық қолхаттарын есепке алу құжаты;

2 2) индоссамент – астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтардың басқа адамға берілгенін куәландыратын тапсыру жазбасы;

3 3) индоссант – астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтарды беретiн адам;

4 4) индоссат – астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтарды қабылдайтын адам;

5 5) кепiл куәлiгi – астық қолхатының оны ұстаушының кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындауды талап ету құқығын куәландыратын бiр бөлiгi;

6 6) қойма куәлiгi – астық қолхатының оны ұстаушының астыққа иелiк ету құқығын куәландыратын бiр бөлiгi;

7

7) ұсынушыға арналған аккредитив – кепiл куәлiгiн ұстаушының келiсiмiнсіз өзгертуге немесе жоюға болмайтын құжаттамалық аккредитив, оны ашу кезiнде қойма куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген талаптардың сомасындағы ақшаны кепiл куәлiгiн өтеу үшiн беруге дейiнгi мерзiмге, осы ақшаны ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлемдер үшiн пайдалану шартымен аккредитивтi ашқан уәкiлеттi банктiң иелік етуіне бередi.

3 3. Астық қолхаты екi бөлiктен тұрады – қажет болған жағдайда бiреуін екіншісінен бөлуге болатын қойма куәлiгi мен кепiл куәлiгi. Астық қолхаты және оның әрбір бөлiгi ордерлiк эмиссиялық емес бағалы қағаз болып табылады.

2 2. Астық қолхаттарын беру, алардың айналымы және өтелуі тәртiбi

1 1-параграф. Астық қолхатын беру

4 4. Астық қолхаты сапасы бойынша бiртектес әрбiр астық партиясына берiледi. Тапсырылған астықтың бүкіл көлемiне берiлетiн астық қолхаттарының санын астықтың иесi өзiнiң өтiнiмi бойынша айқындайды.

Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын өтiнiм берген сәттен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей бередi. Өтінімді астық партиясын қалыптастырған соң астық иесі береді. Партияларды қалыптастыру мерзімдерін астық иесi айқындайды.
Астық қолхаты астықты сандық-сапалық есепке алу кiтабындағы астық иесiнiң дербес шотында бар көлемнен асып кетпейтiн астық көлемiне берiледi.
Астық қолхаттарын беру астық қолхаттары бланкілері серияларының және нөмірлерінің хронологиялық тәртібімен жүзеге асырылады.

5 5. Астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаты (қойма және кепiл куәлiгi) бланкiсiнiң тиiстi бөлiктерiнiң бет жағын толтыру жолымен ресiмдейдi.

Астық қолхатының бланкiсi қолмен қара немесе көк түсті шариктi немесе қаламұшты қаламмен не машинажазба тәсiлiмен толтырылады. Астық қолхаты бланкiсiн толтыру кезiнде түзетулерге жол берілмейді.

6 6. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттарын ресімдеуге және беруге, сондай-ақ астық қолхаттарының тізілімін жүргізуге жауапты адамдарды анықтайтын ішкі құжатты әзірлейді.

Астық қолхатына міндетті түрде астық қабылдау кәсіпорнының басшысы, сондай-ақ бас бухгалтер және материалдық жауапты адам қол қояды.

7 7. Астық қолхаттарының тізілімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта жасалады және оны жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің маманы нөмірлеуі, тігуі, қолы қоюы және мөр басуы (күнін көрсете отырып) қажет.

8 8. Техникалық жарақталған жағдайда астық қабылдау кәсiпорны қосымша электронды түрде астық қолхаттарының тiзiлiмiн жүргiзедi, бұл ретте астық қолхаттарының тiзiлiмiн мiндеттi түрде қағаз тасығышта жүргiзу жоққа шығарылмайды.

9

9. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысқан кезде, астық қолхаттарының тiзiлiмi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11848 болып тіркелген) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына берiледi.

10 10. Астық қабылдау кәсiпорны жаңа астық қолхатын мынадай:

1 1) астық қолхатында индоссамент жасау үшiн бос орын болмаған;

2 2) физикалық тозған;

3 3) жоғалған жағдайларда бередi.

11 11. Жаңа астық қолхаты ауыстырылатын астық қолхатының екi бөлiгiн де ұсыну шартымен берiледi және ауыстырылатын астық қолхатында бұрын көрсетiлген мәлiметтердi енгiзу жолымен ресiмделедi.

Ауыстырылатын астық қолхатында индоссамент (индоссаменттер) болған жағдайда, жаңа астық қолхаты берiлетiн адам ретiнде соңғы индоссат көрсетiледi.

2 2-параграф. Астық қолхатының айналымы

12 12. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру оларға тапсыру жазбаларды жасау жолымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте индоссант астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар беру туралы мәліметтерді, ал индоссат астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды қабылдау туралы мәлiметтердi көрсетедi және растайды.

13 13. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру оларға тапсыру жазбаларды жасау жолымен жүзеге асырылады.

Индоссамент астық қолхатында, кепіл куәлігі бөлінбеген болса, тек қойма куәлігінде жасалады.

14 14. Қойма куәлiгi бойынша құқықтар беру қойма куәлiгi бойынша құқық берушi және қабылдаушы адамдардың қойма куәлiгiнiң сыртқы жағында ретпен индоссаменттер жасау жолымен жүзеге асырылады.

Индоссаменттi қойма куәлiгiнiң сыртқы жағында жасаған кезде, арнайы көзделген жерлерде:

1 1) сол жағында қойма куәлiгi бойынша талапты берушi адам (индоссант):

индоссанттың атауын (жеке тұлғаның тегiн, атын және қалауы бойынша әкесiнiң атын);
индоссанттың тұрған жерiн (жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн);
индоссанттың бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрiн);
индоссамент жасалған күнді;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнiн;

2 2) оң жағында қойма куәлiгi бойынша талапты қабылдаушы адам (индоссат);

индоссаттың атауын (жеке тұлғаның тегiн, атын және қалауы бойынша әкесiнiң атын);
индоссаттың тұрған жерiн (жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн);
индоссаттың бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрiн);
индоссамент жасалған күнді;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнiн көрсетеді.
Индоссамент жасау тиiсiнше индоссанттың және индоссаттың қолдарымен куәландырылады.
Индосаменттің жасалған күні индосантта және индоссатта бірдей болуы тиіс.
Индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттары бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы жазбаша түрде хабарландырады.

15 15. Астық қабылдау кәсiпорнында сақталатын астықтың кепiлi кепiл куәлiгiнде индоссамент жасау жолымен, не астық қолхаты кепiлiнiң шартын жасай отырып, астық қолхатының кепiлiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Кепiл куәлiгiнде индоссамент жасау жолымен астықты кепiлге бергенде бұл кепiл куәлiгi қойма куәлiгiнен бөлiнедi.

16 16. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде:

1 1) кепiл куәлiгi бойынша талапты қабылдаушы адам қойма куәлiгiнiң төменгi оң жаң бұрышында арнайы көзделген жерде мынадай ақпаратты қамтитын белгi жасайды:

кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақы мөлшерлемесі, орындалу мерзiмi;
кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi;
жеке тұлғаға қатысты – индоссаттың тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша – әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаға қатысты – индоссаттың атауы және тұрған жерi.
Көрсетiлген мәлiметтер астық қолхатының кепiл куәлiгiн ұстаушының алдындағы қойма куәлiгiн ұстаушының мiндеттемелерiн куәландырады;

2 2) кепiл куәлiгi бойынша талапты берушi адам кепiл куәлiгiнiң төменгi оң жақ бұрышында арнайы көзделген жерде мынадай ақпаратты қамтитын белгi жасайды:

кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақы мөлшерлемесі, орындалу мерзiмi;
кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi;
жеке тұлғаға қатысты – индоссанттың тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша – әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаға қатысты – индоссанттың атауы және тұрған жерi.
Көрсетiлген мәлiметтер кепiл куәлiгiн ұстаушының қойма куәлiгiн ұстаушыға өз мiндеттемелерiн орындауға талап қою құқығын куәландырады.
Көрсетiлген белгiлердi қойма және кепiл куәлiктерiнде қою тиісінше индоссаттың және индоссанттың қолдарымен куәландырылады.
Егер кепiл куәлiгiн бөлу кезiнде қойма және (немесе) кепiл куәлiктерiнде астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер туралы мәлiметтер көрсетiлмеген және тиiстi белгiлер жасалмаған болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қойма және кепiл куәлiгiмен жасалған кез-келген мәмiле одан әрі жарамсыз болып табылады.

17 17. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген кезде кепiл куәлiгi бойынша талаптарды берушi және қабылдаушы адамдар кепiл куәлiгiнiң сыртқы жағында индоссамент жасайды. Тараптар кепiл куәлiгiнде индоссамент жасаған кезде, арнайы көзделген жерлерде мыналарды:

1 1) кепiл куәлiгi бойынша талапты берушi адам:

индоссанттың атауын (жеке тұлғаның тегiн, атын және қалауы бойынша әкесiнiң атын);
индоссанттың тұрған жерiн (жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн);
индоссанттың бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрiн);
индоссамент жасалған күнді;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнiн;

2 2) кепiл куәлiгi бойынша талапты қабылдаушы адам:

индоссаттың атауын (жеке тұлғаның тегiн, атын және қалауы бойынша әкесiнiң атын);
индоссаттың тұрған жерiн (жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн);
индоссаттың бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрiн);
индоссамент жасалған күнді;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнiн көрсетеді.
Индоссамент жасау тиiсiнше индоссанттың және индоссаттың қолымен куәландырылады.

18 18. Бөлiп алынған кепiл куәлiгi кепiл куәлiгін ұстаушы болып табылатын индоссатқа берiледi.

19

19. Кепiл ұстаушылар кепiл куәлiгi бойынша өз құқықтарын беру кезінде кепiл куәлiгi бойынша талаптарды берушi және қабылдаушы адамдар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлім) 325-бабына сәйкес кепiл куәлiгiнiң сыртқы жағында арнайы көзделген жерлерде мыналарды:

1 1) сол жақ бөлігінде кепiл куәлiгi бойынша талапты берушi адам (индоссант):

индоссанттың атауын (жеке тұлғаның тегiн, атын және қалауы бойынша әкесiнiң атын);
индоссанттың тұрған жерiн (жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн);
индоссанттың бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрiн);
индоссамент жасалған күнді;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнiн;

2 2) оң жақ бөлігінде кепiл куәлiгi бойынша талапты қабылдаушы адам (индоссат):

индоссаттың атауын (жеке тұлғаның тегi, аты және қалауы бойынша әкесiнiң аты);
индоссаттың тұрған жерiн (жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн);
индоссаттың бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрiн);
индоссамент жасалған күндi;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, индоссамент жасайды.
Индоссамент жасау тиiсiнше индоссанттың және индоссаттың қолымен куәландырылады.

20 20. Қойма және кепiл куәлiктерінiң сыртқы жақтарындағы жасалған индоссаменттердiң үздiксiз қатары соңғы тапсыру жазбасында көрсетiлген адамдарға астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша құқықтардың ауысуын растау болып табылады.

Тапсыру жазбаларының үздiксiз қатары сақталмаған жағдайда, астық қолхатын ұстаушының оған астық беру құқығы сот тәртiбiмен анықталады.

21 21. Кепiл туралы мәлiметтерi бар қойма куәлiгi бойынша құқықтарды беру осы Қағидаларға сәйкес кепiл куәлiгiн ұстаушының келiсімінсіз жүзеге асырылады.

22 22. Кепiл туралы мәлiметтерi бар қойма куәлiгi бойынша астық қабылдау кәсiпорнынан астық беру ұсынушыға қайтарып алынбайтын аккредитив ашқан жағдайда жүзеге асырылады.

23

23. Қайтарып алынбайтын аккредитивтi ашуды растау үшін қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнына осы Қағидаларда белгiленген талаптарға жауап беретін ұсынушыға арналған қайтарып алынбайтын арналған аккредитив (бұдан әрi – ұсынушыға арналған аккредитив) ашылғандығын растайтын екiншi деңгейдегі банктiң (бұдан әрi – уәкiлеттi банк) тиiстi құжатын бередi.
Астық қабылдау кәсiпорны ұсынушыға арналған аккредитивтi ашу фактiсі туралы күнтiзбелiк үш күн iшiнде ұсынушыға арналған аккредитивтi ашқан уәкiлеттi банктiң деректемелерiн хабарлай отырып, астық қабылдау кәсiпорнына белгiлi тиiстi кепiл куәлiгiнің соңғы ұстаушысын жазбаша түрде хабардар етедi.
Ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлем сондай аккредитивтiң орындалу шарттары сақталған кезде, сондай-ақ кепiл куәлiгiнiң деректемелерi (астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi, астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi, астық қолхаты берілген күн, астық қолхатында көрсетiлген астықтың есептелген нақты салмағы, сондай-ақ астық қабылдау кәсiпорнының атауы және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген талап туралы мәлiметтер) аккредитив шарттарына сәйкес келген кезде кепiл куәлiгiн ұсынушы – ұстаушыға төленедi.
Ұсынушыға арналған аккредитивпен жасалған операциялар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

24 24. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме тиiсті түрде орындалған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасайды және кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарады.

25 25. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме тиісінше орындалмаған және осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес астық берілген жағдайда, кепіл куәлігін ұстаушы аккредитив бойынша төлем жүзеге асырылғаннан соң өтеу үшін кепіл куәлігін астық қабылдау кәсіпорнына қайтарады.

26 26. Осы кепiл куәлiгi бойынша ұсынушыға арналған аккредитив болмаған жағдайда және борышкер астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындамаған (тиiсiнше орындамаған) кезде, кепiл куәлiгiн ұстаушы Қазақстан

Республикасының астық нарығы саласындағы заңнамаға сәйкес кепiлге салынған астықты сатуды ұйымдастыру тапсырмасымен сенiм жүктелген адамға жүгіне алады.
Кепiл куәлiгi бойынша астықты сату жөнiндегі саудада осы құқыққа ие болған астық иесi кепiл куәлiгiнiң орнына астық қабылдау кәсiпорнынан астық, не жаңа астық қолхатын алады.
Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемелер тиiсінше орындалған жағдайда кепiл куәлiгiн ұстаушының кепiлге салынған астықты өндіріп алуды сұрауына жол берiлмейдi.

3 3-параграф. Астық қолхаттарын өтеу тәртiбi

27 27. Астық қолхаты:

1 1) астық беру кезiнде (толық немесе iшiнара);

2 2) жаңа астық қолхаты берiлген жағдайда өтеледi.

28 28. Астық қолхатын өтеуді астық қабылдау кәсiпорны астық немесе жаңа астық қолхаты берілген сәттен бастап үш жұмыс күні iшiнде «Өтелдi» деген жазуы бар мөртаңбасын қойып, өтеу күнi мен өтеу түрiн жазу жолымен жүзеге асырады.

29

29. Астық қолхатын жоғалтқан жағдайда, астық қолхатын жоғалтқан адам тез арада астық қабылдау кәсiпорнына астық қолхатын жоғалтқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды. Бұл жағдайда жаңа астық қолхатын жоғалған астық қолхаты бойынша құқықтарды қалпына келтiру туралы сот шешiмiнiң негiзiнде астық қабылдау кәсiпорны бередi.

30

30. Астық қолхатын бiрнеше астық қолхатына айырбастау осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте астық қолхаттарында көрсетiлетін астықтың есептелген нақты салмағының қосындысы ауыстырылатын астық қолхатында көрсетілген астықтың есептелген нақты салмағына тең болады. Сапасы бойынша бiркелкi астыққа
берiлген бiрнеше астық қолхатын олардың аз санына бiрiктiру осыған ұқсас жүзеге асырылады. Астық қолхатын айырбастау, сондай-ақ, қойма және кепіл куәліктерінің төменгі оң жақ бұрышында көрсетілген кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер өзгерген кезде жүзеге асырылады.

31 31. Астық кепiлімен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тиісінше орындалуына байланысты кепiл тоқтатылғаннан кейiн, кепiл туралы мәлiметi бар қойма куәлiгiн ұстаушының өтiнiшi бойынша жаңа астық қолхаты берiледi.

32 32. Астық қолхаты бойынша астықты iшiнара беру жағдайында, астық қабылдау кәсiпорны сақтауға қалдырылған астық көлемiне жаңа астық қолхатын бередi. Астыққа айырбастаған астық қолхаты астықтың бөліктер бойынша берiлуiне байланысты өтеледi.

33 33. Астық қолхаттарын есепке алу мақсатында, астық қолхаттары тiзiлiмiнде астық қолхаттарын өтеу түрлерiнiң мынадай тұжырымдары көзделедi:

1 1) «беру» – астықтың берiлуiне байланысты астық қолхатын өтеу;

2 2) «беру және ауыстыру» – астықты бөліктер бойынша беруге байланысты астық қолхатын өтеу;

3 3) «айырбас» – иесiнiң талабы бойынша астық қолхатын бiрнеше астық қолхатына айырбастау, не бiрнеше астық қолхатын олардың аз санына бiрiктiру мақсатында, сондай-ақ кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің өзгеруіне байланысты оны басқасына айырбастау мақсатында астық қолхатын өтеу;

4 4) «ауыстыру» – индоссамент жасау үшiн бос орынның болмауына, не оның физикалық тозуына байланысты астық қолхатын өтеу;

5 5) «сату» – кепiлге қойылған астықты сатуға байланысты астық қолхатын өтеу;

6 6) «жоғалту» – жоғалуына байланысты астық қолхатын өтеу;

7 7) «кепiлдi тоқтату» – астық кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемені орындауға байланысты астық қолхатын өтеу.

1.1 Астық қолхаттарын берудің,

айналымының және өтеудің
қағидасына қосымша
Нысан
Коды
Астық қолхаттарының тізілімі
_____________________________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Астық қол­ха­ты блан­кі­сі­нің се­ри­я­сы және нө­мі­рі
Астық қол­ха­ты­ның бе­рі­л­ген кү­ні
Астық ие­сі­нің ата­уы (же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Астық­ты сақ­тау шар­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні
Да­қыл
Сы­ны­бы
Егін жи­нау жы­лы
Сор­ты (тұқым үшін)
Ре­про­дук­ци­я­сы (тұқым үшін)
Егіс стан­дар­ты­ның сы­ны­бы (тұқым үшін)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
Есеп­тел­ген нақ­ты сал­ма­ғы
Ылғал­ды­лы­ғы
Қос-па­лар
За­лал­да­нуы
Иісі
Тү­сі
Тү­рі
Та­би­ға­ты
Дән ма­ңы­зы
Сал­мақ­тық үле­сі
Дән ма­ңы­зы­ның са­па­сы неме­се ин­дек­сі
Арам­шөп­ті
Дән­ді (май­лы)
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
кестенің жалғасы
Қа­бық­ты­лы­ғы
Тү­су са­ны
Құр­ғақ затте­ке ақуы­здың сал­мақ­тық үле­сі
Өзге де көр­сет­кіш­тер
АҚК жа­у­ап­ты қыз­мет­керiнiң астық қол­ха­тын бе­ру ту­ра­лы қо­лы
Астық қол­ха­тын алу кезiн­де­гi астық иесiнiң қо­лы
Астық қол­ха­тын өтеу түрi
Астық қол­ха­тын өтеу күнi
Ке­пiл шар­тта­ры ту­ра­лы мәлi­мет­тер
Ке­піл бе­ру қо­ры­ның, не ұй­ым-сақ­тан­ды­ру­шы­ның ата­уы
Та­лап со­ма­сы
Астық­қа ке­пiл құқы­ғын бел­гiлеу
мерзiм­дерi
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33

2 Астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-1/620 бұйрығына
2-қосымша
Астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар

1

1. Осы Астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Астық қолхаты осы талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген үлгіге сай болуы қажет.

3 3. Астық қолхаттарының бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады. Шығарылған астық қолхаттары бланкілерінің есебін жүргізу мақсатында олардың коды, сериясы және нөмірі болады.

Код – тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы беретін астық қабылдау кәсіпорнының тіркеу нөмірі.
Астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасы бередi.
Астық қолхаты бланкiсiнiң коды, сериясы және нөмiрi қойма мен кепiл куәлiктерiнде бiрдей болуы және типографиялық тәсiлмен жазылуы тиіс.

4 4. Астық қолхаттарының бланкiлерi қызыл түспен шығарылады.

5 5. Астық қолхаты бланкісінің мынадай қорғау деңгейлерi бар:

1 1) бет жағында металлографтық баспа тәсілімен орындалған қоршау;

2 2) жасырын баспа;

3 3) гильоширлік элемент;

4 4) 2-түрлi тангирлiк тор;

5 5) ирис баспасы;

6 6) нөмiрлеу;

7 7) микромәтiн;

8 8) көрiнбейтiн сурет;

9 9) инфрақызыл сәулемен көрiнбейтiн мәтiндiк ресiмдеу;

10 10) офсеттiк баспа тәсілімен орындалған сыртқы жағындағы қоршау;

11 11) көшiрме жасауға мүмкiндік бермейтiн элемент;

12 12) 2-түрлi ирридисценттiк сызығы бар, ультракүлгiн сәуледен өткiзгенде көрiнетiн көк және жасыл түстi флуоресценттi талшықтардан құралатын қорғалған қағаз (өзiнiң флуоресценциясын бермейтiн түсі өзгертiлген).

2.1 ҚОЙМА КУӘЛІГІ / СКЛАДСКОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО

Астық қолхаттарының үлгісіне
және астық қолхаты
жазылатын бланкілерге
қойылатын талаптарға
қосымша
Нысан
Коды АСТЫҚ ҚОЛХАТЫ / Сериясы
/ Код ЗЕРНОВАЯ РАСПИСКА № ______ / Серия №
20____ жылғы «____» _____________ / от «____» _____________ 20____ года
ҚОЙМА КУӘЛІГІ / СКЛАДСКОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
__________________________________________________________________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы / наименование хлебоприемного предприятия, тұрған жері
(облыс, аудан, қала/ кент) / место нахождения (область, район, город/ поселок),
_________________________________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі / бизнес идентификационный номер
Выдана ___________________________________________________________________________________
астық иесінің атауы / наименование владельца зерна, тұрған жері / место нахождения, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі / номер свидетельства* или _____________________________________________________________________________________________________
справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, жеке тұлғаны куәландыратын құжат /
документ, удостоверяющий личность физического лица, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке
______________________________________________________________________________________________ берілді
сәйкестендіру нөмірі) / бизнес идентификационный номер (индивидуальный идентификационный номер)
Дақыл / Культура _______________________________________________________________
сыныбы / класс _________________ егін жинау жылы / год урожая ______________
Сорты / Сорт __________________________________ репродукциясы / репродукция ______________
егіс стандартының сыныбы / класс посевного стандарта ______________
_________________________________________________________________________________________
Есептелген нақты салмағы, кг (санмен, жазумен) / Зачтенный физический вес, кг (цифрами, прописью)
Ыл
ға
лд
ы-
лы
ғы/
Вл
аж
но
ст
ь,
Қоспалар / Примеси,
%
За­лал­да­нуы / За­ра­жен-
ность
Иісі / За­пах
Тү­
сі / Цв
ет
Тү
рі / Тип
Таб
иға
ты / Нат
ура,
г/л
Дән
маң
ызы/
Клей
ков
ина
Қабықты-лығы /
Пленча-тость, %
Түсу саны / Число падения, с
Ақуыз /
Белок, %
Өзге де көр
сет
кіш-
тер
%
арам­шөп­ті / сор­ная
дән­ді / зер­но­вая
%
шар
тты
бір
лік /
усл.
ед.
/ Про
чие пока
зате
ли
Сақтау төлемі туралы белгі/
Отметка об уплате за хранение
__________________________________
__________________________________
Ерекше белгілер / Особые отметки
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
М.О. / М.П.
Басшының, бас бухгалтердің және материалды жауапты тұлғаның Т.А.Ә. және қолы
/ Ф.И.О. и подпись руководителя, главного бухгалтера и материально-ответственного лица
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің
мәні мен мөлшері /
Существо и размер обязательства,
обеспеченного залогом
_________________________________________________
Сыйақының ставкасы / Ставка вознаграждения, %
_________________________________________________
Міндеттеменің орындалу мерзімі/
Срок исполнения обязательства
_________________________________________________
Кепіл куәлігінің бөлінген күні/
Дата отделения залогового свидетельства
_________________________________________________
Индоссаттың атауы / Наименование индоссата
_________________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
қолы / подпись
М.О. / М.П.
кепіл куәлігі бөліп алынған жағдайда толтырылады / заполняется в случае отделения залогового свидетельства
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Коды АСТЫҚ ҚОЛХАТЫ / Сериясы
/ Код ЗЕРНОВАЯ РАСПИСКА № ______ / Серия №
20____ жылғы «____» _____________ / от «____» _____________ 20____ года
КЕПІЛ КУӘЛІГІ / ЗАЛОГОВОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
___________________________________________________________________________
астық қабылдау кәсіпорнының атауы / наименование хлебоприемного предприятия,
тұрған жері (облыс, аудан, қала/ кент) /
место нахождения (область, район, город/ поселок),
_________________________________________________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі / бизнес идентификационный номер
Выдана _____________________________________________________________________________________________
астық иесінің атауы / наименование владельца зерна, тұрған жері /
место нахождения, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі /
номер свидетельства* или ________________________________________________________________________________________
справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, жеке тұлғаны куәландыратын құжат /
документ, удостоверяющий личность физического лица, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке
____________________________________________________________________________________________ берілді
сәйкестендіру нөмірі) / бизнес идентификационный номер (индивидуальный идентификационный номер)
Дақыл / Культура _______________________________________________________________
сыныбы / класс _________________ егін жинау жылы / год урожая ______________
Сорты / Сорт __________________________________ репродукциясы / репродукция ______________
егіс стандартының сыныбы / класс посевного стандарта ______________
_____________________________________________________________________________________________
Есептелген нақты салмағы, кг (санмен, жазумен) / Зачтенный физический вес, кг (цифрами, прописью)
Ыл
ға
л­д
ы-
лы­
ғы /
Вл
аж­но
сть,
Қос
палар / Прим
еси,
%
За­л
ал­д
а­ну
ы /
За­ра­жен-
нос
ть
Иісі / Запах
Түсі / Цвет
Түрі / Тип
Таби
ғаты / Нат
ура,
г/л
Дән маңызы / Клейковина
Қаб
ық
ты-
лы
ғы /
Пле
нча-тос
ть, %
Түсу саны / Число паде
ния, с
Ақуыз /
Белок, %
Өзге де көрсеткіш-тер
%
ара
м­шө
п­ті / сор­ная
дән­
ді / зер
но­вая
%
шартты
бірлік / усл.ед.
/ Прочие показатели
Сақтау төлемі туралы белгі /
Отметка об уплате за хранение
_________________________________
_________________________________
Ерекше белгілер / Особые отметки
_________________________________
_________________________________
_________________________________
М.О. / М.П.
Басшының, бас бухгалтердің және материалды жауапты тұлғаның Т.А.Ә. және қолы
/ Ф.И.О. и подпись руководителя, главного бухгалтера и материально-ответственного лица
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні мен мөлшері/
Существо и размер обязательства, обеспеченного залогом
_______________________________________________________
Сыйақының ставкасы / Ставка вознаграждения, %
_______________________________________________________
Міндеттеменің орындалу мерзімі /
Срок исполнения обязательства
________________________________________________________
Кепіл куәлігінің бөлінген күні /
Дата отделения залогового свидетельства
________________________________________________________
Индоссанттың атауы / Наименование индоссанта
________________________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
________________________________________________________
_________________________________________________________
қолы / подпись
М.О. / М.П.
қойма куәлігі бөліп алынған жағдайда толтырылады / заполняется в случае отделения складского свидетельства
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Коды / Код Сериясы / Серия №
Қойма куәлігі бойынша талапты беремін/
Передаю требование по складскому свидетельству
Индоссанттың атауы / Наименование индоссанта
______________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
БСН (ЖСН) / БИН (ИИН)
______________________________________________
Индоссамент жасалған күні
20___ жылғы «____» _____________________
/Дата совершения индоссамента
«____» _____________________20___ года
М.О. / М.П.
Т.А.Ә. және қолы / Ф.И.О. и подпись
_____________________________________
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат/
Документ, удостоверяющий личность физического
лица
_____________________________________________
_____________________________________________
Қойма куәлігі бойынша талапты беремін/
Передаю требование по складскому свидетельству
Индоссанттың атауы/Наименование индоссанта

Қойма куәлігі бойынша талапты қабылдаймын/
Принимаю требование по складскому свидетельству
Индоссаттың атауы / Наименование индоссата
_______________________________________________

20___ жылғы «____» _______________________
/Дата совершения индоссамента
«____» _______________________20___ года
М.О. / М.П.
Т.А.Ә. және қолы / Ф.И.О. и подпись
____________________________________

Индоссаттың атауы/Наименование индоссата

Кепіл куәлігі бойынша талапты беремін /
Передаю требование по залоговому свидетельству
Индоссанттың атауы / Наименование индоссанта
______________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
БСН (ЖСН) / БИН (ИИН)
______________________________________________
Индоссамент жасалған күні
20___ жылғы «____» _____________________
/Дата совершения индоссамента
«____» _____________________20___ года
М.О. / М.П.
Т.А.Ә. және қолы / Ф.И.О. и подпись
___________________________________________
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат/
Документ, удостоверяющий личность физического
лица
______________________________________________
Кепіл куәлігі бойынша талапты беремін/

Кепіл куәлігі бойынша талапты қабылдаймын/
Принимаю требование по залоговому свидетельству
Индоссаттың атауы / Наименование индоссата
__________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
БСН (ЖСН) / БИН (ИИН)
_____________________________________________
Индоссамент жасалған күні
20___ жылғы «____» _______________________
/Дата совершения индоссамента
«____» _______________________20___ года
М.О. / М.П.
Т.А.Ә. және қолы / Ф.И.О. и подпись
________________________________________
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат/
Документ, удостоверяющий личность физического
лица
________________________________________________
________________________________________________
Кепіл куәлігі бойынша талапты қабылдаймын /
Принимаю требование по залоговому свидетельству
Индоссаттың атауы / Наименование индоссата
_______________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
БСН (ЖСН) / БИН (ИИН)
_______________________________________________
Индоссамент жасалған күні
20___ жылғы «____» _______________________
/Дата совершения индоссамента
«____» _______________________20___ года
М.О. / М.П.
Т.А.Ә. және қолы / Ф.И.О. и подпись
__________________________________________
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат /
Документ, удостоверяющий личность физического
лица
______________________________________________
______________________________________________
Кепіл куәлігі бойынша талапты қабылдаймын /
Принимаю требование по залоговому свидетельству
Индоссаттың атауы / Наименование индоссата
_______________________________________________
Тұрған жері / Место нахождения
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
БСН (ЖСН) / БИН (ИИН)
________________________________________________
Индоссамент жасалған күні
20___ жылғы «____» _________________________
/Дата совершения индоссамента
«____» _______________________20___ года
М.О. / М.П.
Т.А.Ә. және қолы / Ф.И.О. и подпись
_________________________________________
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат/
Документ, удостоверяющий личность физического
лица
______________________________________________
______________________________________________

3 Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-1/620 бұйрығына
3-қосымша
Астық қолхаттары
бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою
қағидалары

1 1. Осы Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды.

2 2. Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасына (бұдан әрі – Банкнот фабрикасы) астық қолхаттары бланкілерін дайындауға тапсырыс береді.

3

3. Астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия берген облыстың жергілікті атқарушы органы Банкнот фабрикасына астық қабылдау кәсіпорнының атауын және мекен-жайын көрсете отырып, оған берілген код туралы ақпарат жібереді.

4 4. Астық қолхаттарының бланкілерін астық қабылдау кәсіпорнымен жасалған шарт негізінде Банкнот фабрикасы дайындайды. Астық қабылдау кәсіпорындарына сатып алынған астық қолхаттары бланкілерін қайта табыстауға жол берілмейді.

5 5. Астық қабылдау кәсіпорны таза және бүлінген, сондай-ақ өтелген астық қолхаттары бланкілерін сақтауға жауапты адамдарды анықтайтын ішкі құжатты әзірлейді.

6 6. Астық қабылдау кәсіпорны тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 7259 болып тіркелген) бекітілген астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің типтік нысандарына сәйкес сатып алынған, берілген, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттарының бланкілері туралы ақпарат береді.

7 7. Астық қолхаттарының таза бланкілерін сақтау тікелей астық қабылдау кәсіпорнында жүзеге асырылады.

8 8. Бүлінген астық қолхаттарының бланкілері астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл бойы сақталады.

9 9. Өтелген астық қолхаттары айналымнан алынады және астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл бойы сақталады.

10

10. Астық қолхаттарының бүлінген, таза бланкілері және өтелген астық қолхаттары осы Қағидаларда белгіленген сақтау мерзімдері өткен соң жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі маманының қатысуымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның маманы) астық қабылдау кәсіпорнының өкілі қол қоятын және жергілікті атқарушы органның маманы бекітетін тиісті актіні жасай отырып жойылады.

11

11. Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметі тоқтатылған жағдайда, астық қолхаттарының таза бланкілері жергілікті атқарушы орган маманының қатысуымен жойылады, бұл туралы астық қабылдау кәсіпорнының өкілі қол қоятын және жергілікті атқарушы органның маманымен бекітілетін тиісті акт жасалады.

12

12. Астық қабылдау кәсіпорнының астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) иеліктен шығарылған жағдайда астық қоймасын сатып алған адам бұрынғы мүлік кешені иесінен қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып, астық қолхаттарының таза бланкілерін сатып ала алады, актіде алынған астық қолхаттары бланкілерінің коды, сериясы және нөмірі туралы ақпарат көрсетіледі. Мүлік кешенінің жаңа иесі бұрынғы мүлік иесінен астық қолхаттарының таза бланкілерін сатып алудан бас тартқан жағдайда олар осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген тәртіппен жойылады.

Қолданыстағы