Об утверждении регламентов государственных услуг в области животноводства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в области животноводства
- Атауы (қаз.)
- Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 18.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 94716_472006.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003368
- ЭКБ идентификаторы
- 94716
- Редакция идентификаторы
- 94716_472006
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:20
0 Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1
2 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №64 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2643 болып тіркелген, 2014 жылы 6 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Б. Жылқышиев
С. Қаныбеков
Е. Айтаханов
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
10 Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
18 қыркүйек № 284 қаулысына
1-қосымша
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1 1) көрсетiлетiн қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және портал арқылы жүгінген кезде Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарын тапсырған кезден бастап, қабылдау және оларды тіркеуді жүргізеді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) минут ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, нәтиже жобасын электронды нысанда әзірлейді, қағазға шығарады және басшының қол қоюына жолдайды. Басшы қол қояды;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында көрсетілген.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік корпорацияға әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып, жүгіну тәртібін сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш тапсырған соң, Мемлекеттік корпорация жұмысшысы ақпараттық жүйеден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағазға шығарады және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды.
9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеледі;
2 2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен порталда ЖСН/БСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3 3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы порталда, тіркелген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
4 4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты портал авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
5
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және де пішімді талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызмет алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін алу;
6 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасын) тексеру;
7 7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8 8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) ЭҮАШ АЖО жолдау;
9 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздемелерін тексеру;
10 10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
11
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен порталмен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алу. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәләндырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
10 10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
47 «Жеке қосалқы шаруашылықтың
бар екендігі туралы анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
Шартты белгілер:
48 «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар
екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
1
2
Көрсетілетін қызметті алушы
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Өтініш тапсырады
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш тапсырған соң, ақпараттық жүйеден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағазға шығарады және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды
49 Түркістан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «18» қыркүйектегі
№284 қаулысына
2- қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі) «Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының порталға электрондық цифырлық қолтаңбасымен (әрі қарай – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті алушы электронды цифрлық қолтанбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (әрі қарай – САЖ) субсидиялау өлшемшарттарын тексеру үшін өтінім қалыптастырады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық хабарлама;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен бір жұмыс күні ішінде өтінімнің қабылданғанын растайды. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаның көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілуі;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жаупты орындаушысы өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде САЖ-да «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: САЖ субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастыру;
асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу фактісі бойынша:
4
4) қаржы институты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағыі №108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 20-нысан бойынша жасалған кредит беру шартының шеңберінде көрсетілетін қызметті берушеге Субсидиялар арнайы шотқа қаражат аударуға өтінім береді;
5
5) көрсетілетін қызметті беруші өтінім САЖ-да тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде субсидиялар төлемді немесе асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға арналған кредитті кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып), жасалған шарт шеңберінде Қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі арнайы шотына аударады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) сипаттамасы осы регламенттің 2 -бөлімінің 5- тармағында көрсетілген.
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
67 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігін және сапасын арттыруды
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу фактісі бойынша
Қаржы институты
Қызмет беруші
бір жұмыс күні ішінде өтінімнің қабылданғанын растайды
өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде САЖ-да «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағыі №108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 20-нысан бойынша жасалған кредит беру шартының шеңберінде көрсетілетін қызметті берушеге Субсидиялар арнайы шотқа қаражат аударуға өтінім береді
өтінім САЖ-да тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде субсидиялар төлемді немесе асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға арналған кредитті кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып), жасалған шарт шеңберінде Қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі арнайы шотына аударады