Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам
- Атауы (қаз.)
- Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-5/604
- Қабылданған күні
- 02.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2022 94736_553222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012040
- ЭКБ идентификаторы
- 94736
- Редакция идентификаторы
- 94736_553222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:15
0 Мақта қолхаттары бойынша
міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының
қызметі мен олардың таратылу
қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 11 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 7 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 4-5/604
бұйрығымен бекітілген
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын бекіту
туралы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) қатысушы – қормен қатысу шартын жасасқан және қолданыста болатын мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;
2
2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – қор немесе қорлар).