О переименовании некоторых улиц села Узунколь Узункольского сельского округа Теректинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц села Узунколь Узункольского сельского округа Теректинского района
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 15.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2015 94849_28429.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZLN04123
- ЭКБ идентификаторы
- 94849
- Редакция идентификаторы
- 94849_28429
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:02
0 Теректі ауданы Ұзынкөл
ауылдық округі Ұзынкөл ауылының
кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Ұзынкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының кейбір көшелері:
«Советская» көшесі – «А. Кердері» көшесі;
«Центральная» көшесі – «Абай» көшесі;
«Победы» көшесі – «Жеңіс» көшесі;
«Зеленая» көшесі – «Саябақ» көшесі;
«Школьная» көшесі – «Астана» көшесі;
«Мирная» көшесі – «Бейбітшілік» көшесі;
«Степная» көшесі – «Жайлау» көшесі деп қайта аталсын.