О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46-4
- Қабылданған күні
- 23.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2016 94856_694517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LF005189
- ЭКБ идентификаторы
- 94856
- Редакция идентификаторы
- 94856_694517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:16
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өндіру туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жалағаш аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп беруді “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті білім беру кезеңіне тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
3
3) шығындарды өндіруді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындағанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер аталған жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3
3. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы №33-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 4711 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2014 жылғы 05 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдармалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Э.Құттымбетова
“23” қыркүйек 2015 жыл.
“Жалағаш аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________Ж.Баймаханова
“23” қыркүйек 2015 жыл.