Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Мамлютского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Мамлютского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемаларын және тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 275
- Қабылданған күні
- 07.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2023 94858_674598.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SJ003405
- ЭКБ идентификаторы
- 94858
- Редакция идентификаторы
- 94858_674598
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:28
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемаларын және тәртібін бекіту туралы
Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары бекітілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары міндет атқарушы Е.Ә.Ақласовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
15 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 275 қаулысына
қосымша
Владимировка ауылында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Андреевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Андреевка орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол – жалпыға ортақ пайдаланыталын «Андреевка-Владимировка» автомобиль жолы.
Орел ауылында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Афонькино орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Афонькино орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол – жалпыға ортақ пайдаланыталын «Афонькино-Орел» автомобиль жолы.
Коваль, Чистое ауылдырында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Белое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Белое орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол-1 – М-51 "Челябинскi-Новосибирскi" халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы;
жол-2 – М-51 "Челябинскi-Новосибирскi" халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Белое.
Щучье ауылында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Белое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Белое орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол – жалпыға ортақ пайдаланыталын «Белое-Щучье» автомобиль жолы.
Становое, Красный Октябрь, Искра ауылдарында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Воскресеновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Белое орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол-1 – Қызыләскер-Раздольное-КТ-22 "Становое-Новомихайловка-Меңкесер " облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы;
жол-2 – КТММ-6 "А-21 "Мамлютка-Қостанай" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Воскресеновка-Боголюбово-Надежка" аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Красный Октябрь.
Новодубровное, Пчелино ауылдарында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол-1 – А-21 "Мамлютка-Қостанай" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Дубровное;
жол-2 – А-21 "Мамлютка-Қостанай" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Пчелино.
Раздольное, Степное ауылдарында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «В.М.Скачков атындағы Қызыләскер орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «В.М.Скачков атындағы Қызыләскер орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол – Қызыләскер-Раздольное-КТ-22 "Становое-Новомихайловка-Меңкесер-"Сенжарка-Николаевка" автожолы" облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы.
Белое, Щучье, Покровка, Воскресеновка, Леденево, Становое, Токаревка, Новомихайловка, Бексеит ауылдарында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мамлют қазақ мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Мамлют қазақ мектеп-интернаты» КММ).
Елді мекендерге дейінгі қашықтық:
Мамлютка – Белое – 12 км
Мамлютка – Покровка – 7 км
Мамлютка –Воскресеновка – 9 км
Мамлютка – Леденево – 28 км
Мамлютка – Токаревка – 31 км
Мамлютка – Новомихайловка -39 км
Мамлютка – Бексеит – 48 км
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
жол-1 – жалпыға ортақ пайдаланыталын «Белое-Щучье» автомобиль жолы;
жол-2 – -Раздольное-КТ-22 "Становое-Новомихайловка-Меңкесер-"Сенжарка-Николаевка" автожолы" облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы;
жол-3 – КТММ-6 "А-21 "Мамлютка-Қостанай" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Воскресеновка-Боголюбово-Надежка" аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Красный Октябрь;
жол-4 – М-51 "Челябинскi-Новосибирскi" халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Покровка.
Токаревка, Ново-Андреевка ауылдарында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новомихайловка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Новомихайловка орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол-1 – КТ-22 "Становое-Новомихайловка-Меңкесер " облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы;
жол-2 – КТММ-6 "А-21 "Мамлютка-Қостанай" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Воскресеновка-Боголюбово-Надежка" аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Новомихайловка.
Беловка ауылында тұратын балаларды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Краснознаменное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы (бұдан әрі – «Краснознаменное орта мектебі» КММ).
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
*L – қашықтық;
км – километр;
жол – М-51 "Челябинскi-Новосибирскi" халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолы-Краснозаменное- Беловка.
6 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 275 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Тәртiп) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабы 3 - тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2 2-тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар
2 2. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
3 3. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1 1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2 2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3 3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
4
4. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.сәйкес.
5
5. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1 1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2 2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3 3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
5 5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6 6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7 7) колоннада жол жүргенде - автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.
3 3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
6 6. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
7 7. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.