Об утверждении перечня специальностей социальных работников, стандартов их подготовки и повышения квалификации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня специальностей социальных работников, стандартов их подготовки и повышения квалификации
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 220
- Қабылданған күні
- 20.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2019 94863_406117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011089
- ЭКБ идентификаторы
- 94863
- Редакция идентификаторы
- 94863_406117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:24
0 Әлеуметтік қызметкерлер
мамандықтарының тізбесін,
оларды даярлау мен біліктілігін
арттыру стандарттарын бекіту туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесі;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары бекітілсін.
2 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
1-қосымша
Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының
тізбесі
Код
Бейінді білім, мамандықтар мен кәсіптер атауы
1. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі мамандықтар*
0500000 - Сервис, экономика және басқару
0501013
Әлеуметтік жұмыс бойынша маман
0501023
Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар*
1.Білім
5В010200
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5В010300
Педагогика және психология
5В010500
Дефектология
5В010100
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5 . Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
5В050100
Әлеуметтану
5В050300
Психология
5В050600
Экономика
9. Қызмет көрсету
5В090500
Әлеуметтік жұмыс
6М090500
Әлеуметтік жұмыс
6D090500
Әлеуметтік жұмыс
11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110100
Мейірбике ісі
6М110300
Мейірбике ісі
5В110200
Қоғамдық денсаулық сақтау
13. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5S130100
Жалпы медицина
Ескертпе: *Тізбеге 2009 жылғы 20 наурыздағы № 131-од Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуіші және 2008 жылғы 3 маусымдағы № 273-од Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтар жіктеуіші негізінде әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру үшін ұсынылатын мамандықтар енді.
2 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
2 - қосымша
Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары
1 1. Жалпы ереже
1
1. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары (Стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 тіркелді) сәйкес әзірленді.
2
2. Әлеуметтік қызметкерлерді дайындау «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына, «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
3
3. Осы Стандарттар әлеуметтік қызметкерлердің сапасын арттыруына қойылатын талаптарды реттейді және оқытудың мерзімдері мен ұзақтығын, тыңдаушылардың оқытуға қойылатын талаптарын анықтауын, біліктілікті арттыруды ұйымдастырудың түрлерін қамтитын әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру тәртібін қарастырады.
4 4. Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдар қолдануға және сақтауға міндетті.
5 5. Осы Стандартта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1 1) біліктілікті арттыру-бұрын алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқытудың нысаны;
2
2) біліктілікті арттыру мекемелері және ұйымдары (бұдан әрі - ұйым) -кәсіптік білім мен дағдыны тереңдету мақсатында әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әлеуметтік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін әлеуметтік саладағы инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын ұйым.
3 3) әлеуметтік қызметкер-арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын, бекітілген талаптарға сәйкес келетін қажетті мамандыққа ие қызметкер;
4 4) тыңдаушылар-біліктілікті арттыруды өтетін әлеуметтік қызметкерлер;
5 5) тапсырма беруші-біліктілікті арттыруға байланысты қызмет көрсетуге тапсырысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6 6. Біліктілікті арттыру ұйымдарының түрлері:
1 1) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаменттері, Денсаулық сақтау басқармалары;
2 2) облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, облыстық маңызы бар қалалардың аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдері;
3 3) білікті мамандарды тарта отырып, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
4 4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелері;
5 5) меншік нысанына қарамастан білім беру бағдарламаларын іске асыратын әлеуметтік қызметкерлер біліктілігін арттыратын оқу орталықтары (өңірлік, өңіраралық, салалық).
2 2. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары
7 7. Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мақсаты мен міндеттері:
1 1) кәсіби білімін тереңдету мен жаңарту;
2 2) практикалық дағдыларын жетілдіру;
3 3) заманауи талаптарға сәйкес келетін кәсіби құзыреттілігін дамыту;
4 4) ғылымның заманауи жетістіктерін және әлеуметтік жұмыстың практикалық шетелдік және отандық тәжірибесін зерделеу;
5 5) кәсіби қызметте жаңартылған теориялық білімдерді белсенді түрде қолдану.
8 8. Біліктілікті арттыру оқу семинарлары, курстар-семинарлар және әлеуметтік жұмыс мектептері арқылы жүзеге асырылады.
9 9. Біліктілікті арттыру жүргізіледі:
1 1) өндірістен қол үзіп;
2 2) өндірістен қол үзбей;
3 3) өндірістен жартылай қол үзіп;
4 4) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы.
10
10. Біліктілігін арттыруды ұйымдардың басшылары, әлеуметтік қорғау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, сарапшылар, арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлер, күтім бойынша біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкерлер, зейнетақы мен төлемақыларды төлеу бойынша ұйымдардың мамандары, еңбекпен қамту орталығының (қызметтің) құрылымдық бөлімшелердің (бөлімнің, саланың, топтың) мамандары, әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар, дәрігерлік амбулаторияның әлеуметтік қызметкерлері өтеді.