Об изменении подчиненности села Жидели Мойынкумского района и границ (черты) Балуан Шолакского сельского округа Шуского района Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении подчиненности села Жидели Мойынкумского района и границ (черты) Балуан Шолакского сельского округа Шуского района Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жиделі ауылының бағыныстылығын және Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 17.08.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2015 94880_29334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15G0002813
- ЭКБ идентификаторы
- 94880
- Редакция идентификаторы
- 94880_29334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:40
0 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы
Жиделі ауылының бағыныстылығын
және Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық
округінің шекарасын (шегін) өзгерту
туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Өзгертілсін:
1 1) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жиделі ауылының бағыныстылығы Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына;
2 2) Жамбыл облысы Шу ауданының Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімшілік шекаралары (шегі) «Далақайнар» өндірістік кооперативінің 489,3 гектар және Жиделі ауылының 10,7 гектар жер учаскелерінің әкімшілік шекараларын қосу жолымен.
2
2. «Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жиделі ауылының бағыныстылығын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №258 және Жамбыл облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2473 болып тіркелген, «Ақ жол» газетінде 2015 жылдың 27 қаңтарында №10 (18044) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.