Об утверждении регламентов государственных услуг в области растениеводства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в области растениеводства
- Атауы (қаз.)
- Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 09.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2020 94885_444582.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0005203
- ЭКБ идентификаторы
- 94885
- Редакция идентификаторы
- 94885_444582
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:05
0 Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «9» қазандағы №185 қаулысымен
бекітілген
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –басқарма).
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көресту нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – өсімдіктерді қорғау құралдарын (бұдан әрі - ӨҚК) өңдірушіден гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) немесе өсімдіктерді қорғау құралдарының отандық өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну немесе «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы №15-1/522 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11684 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) және Мемлекеттік корпорацияның іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не оның сенім хат бойынша өкілінің (бұдан әрі – өкілі) Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 3, немесе 4, немесе 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2 2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);
3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күн ішінде, құжаттарды қабылдау мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды);
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (он бес минуттан аспайды);
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
6
6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құның субсидиялау қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13717 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) шарттарына сәйкестігін тексереді, (екі жұмыс күні ішінде) сонымен қатар ӨҚК өндіруші ұсынатын ӨҚК нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде (бұдан әрі – Тізілім) АШТӨ бар-жоғын анықтайды және өтінімдерді тексеруді аяқтағаннан кейін мақұлданған өтінімдердің тізімін басқармаға және субсидия тағайындау/тағайындамау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде):
7 7) басқарма ұсынылған құжаттарды тексереді және төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады (екі жұмыс күні ішінде).
8 8) Мемлекеттік корпорация қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкілін береді (он бес минуттан аспайды).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) Мемлекеттік корпорация қызметкері;
2 2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
6 6) басқарма.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
33 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Мемлекеттік корпорация қызметкері
Мемлекеттік корпорацияның
жинақтау бөлімінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
Басқарма
Мемлекеттік корпорация қызметкері
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге
жолдайды
құжаттарды тіркейді
құжаттарды қарайды
өтінімнің Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексереді, Тізілімдегі АШТӨ бар-жоқтығын анықтайды
ұсынылған құжаттарды тексереді
хабарламаны тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы
сына жолдайды
мақұлданған өтінімдер тізімін басқармаға және хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне хабарламаны береді
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
1 жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
өтінімнің Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексеру – 2 жұмыс күні ішінде;
мақұлданған өтінімдер тізімін және хабарламаны жолдау – 1 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
34 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
35 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілемелер:
36 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
Басқарма
3
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінім көшірмесін береді
құжаттарды қарайды
құжаттардың Қағидалар шарттарына сәйкестігін тексереді
ұсынылған өтінімді тексереді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда басқармаға өтінім жолдайды, субсидиялар беруде теріс шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне дәлелді бас тарту берілуін қамтамасыз етеді
төлем құжаттарын
қазынашылықтың аумақтық
бөлімшесіне ұсынады
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
құжаттардың Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексеру –
2 жұмыс күні ішінде;
өтінімді жолдау және дәлелді бас тарту беру – 1 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде
37 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
2
Құрылым-
дық бөлімше-лердің атауы
Мемле-кеттік корпо-рация қызмет-кері
Мемле-кеттік корпора-цияның
жинақтау бөлімінің қызмет-кері
Көрсе-тілетін қызметті беру-шінің кеңсе қызмет-кері
Көрсе-тілетін қызметті беру-шінің басшысы
Көрсе-тілетін қызметті беру-шінің орындау-шысы
Басқарма
Мемле-кеттік корпо-рация қызмет-кері
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипат-тамасы
құжат-тарды тіркейді
құжат-тарды көрсе-тілетін қызметті берушіге
жол-дайды
құжат-тарды тіркейді
құжат-тарды қарайды
құжат-тардың Қағида-лардың шарт-тарына сәйкес-тігін тексереді
ұсынылған өтінімді тексереді
дәлелді бас тартуды тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орын-дауды бастау үшін негіз болатын мемле-кеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
көрсе-тілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжат-тардың қабыл-данғаны туралы қолхат береді
құжат-тарды көрсе-тілетін қызметті берушінің басшы-сына ұсынады
құжат-тарды көрсе-тілетін қызметті беру-шінің орын-даушы
сына жол-дайды
субси-диялар беруде оң шешім болған жағдайда басқар-маға өтінімді жол-дайды, субси-диялар беруде теріс шешім болған жағда-йда Мемле-кеттік корпо-рацияға дәлелді бас тартуды жолдайды
төлем құжат-тарын қазына-шылықтың аумақтық бөлім-шесіне ұсынады
дәлелді бас тартуды көрсе-тілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
1 жұмыс күні ішінде, құжат-тарды қабылдау күні мемле-кеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
құжат-тардың Қағида-лардың шарт-тарына сәйкестігін тексеру – 2 жұмыс күні ішінде;
өтінімді және дәлелді бас тартуды жолдау – 1 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
38 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)
арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
39 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Шартты белгілемелер:
40 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «9» қазандағы №185 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –басқарма).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мыналардың:
1 1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ);
2
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында АШТӨ өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ақы төлеуге арналған төлем құжаттарын (бұдан әрі – төлем құжаттары) ұсыну.
4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №4-4/679 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11946 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦК) қол қойылған, электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының: заңды тұлғаның – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның – нотариалды расталған сенімхат бойынша (бұдан әрі – өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы өтінім жолдауы.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсынады;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат (бұдан әрі – қолхат) береді және өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
4
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11223 нөмірімен тіркелген) бекітілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында көрсетілген шарттардың сәйкестігіне тексереді (екі жұмыс күні ішінде).
АШТӨ-ге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді басқармаға жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны не оның өкілін жазбаша түрде хабардар етеді (бұдан әрі – хабарлама), бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған АШТӨ-дің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) жасайды және басқармаға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
5 5) басқарма ұсынылған өтінімді тексереді және төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады (екі жұмыс күні ішінде).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) Мемлекеттік корпорация қызметкері;
2 2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері.
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
6 6) басқарма.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10 10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсынады;
2 2) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне қолхат береді (он бес минуттан аспайды);
3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттардың сәйкестігіне тексереді (екі жұмыс күні ішінде).
АШТӨ-ге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді басқармаға жолдайды, теріс шешім болған жағдайда хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы тізбені жасайды және басқармаға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
7 7) басқарма ұсынылған өтінімді тексереді және төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);
8 8) Мемлекеттік корпорация қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне ұсынады (он бес минуттан аспайды).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
11 11. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталда тіркеледі және стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді (бұдан әрі – электрондық сұраныс) жолдайды:
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы электрондық сұраныс пен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген электрондық сұраныс пен құжаттардың қабылданғандығы туралы хабарлама жолданады (жиырма минуттан аспайды);
3 3) электрондық сұраныс пен құжаттарды қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары осы регламенттің 6-тармағының 2-5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
83 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
Басқарма
3
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
өтінімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне қолхат береді
өтінімді қарайды
өтінімді Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттардың сәйкестігіне тексереді, АШТӨ-ге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді басқармаға жолдайды
ұсынылған өтінімді тексереді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
теріс шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне хабарлама береді, бұл ретте тізбені жасайды және басқармаға жолдайды
төлем құжаттарын
қазынашылықтың аумақтық
бөлімшесіне ұсынады
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
өтінімді тексеру кезінде - 2 жұмыс күні ішінде;
өтінімді, хабарламаны және тізбені
жолдау кезінде – 1 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде
84 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
2
Құрылымдық бөлім-шелердің атауы
Мемлекеттік корпорация қызметкері
Мемлекеттік корпора-цияның
жинақтау бөлімінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсе-тілетін қызметті берушінің орындау-шысы
Басқарма
Мемле-кеттік корпо-рация қызмет-кері
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
өтінімді тіркейді
өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге
жолдайды
өтінімді тіркейді
өтінімді қарайды
өтінімді Қағида-лардың 7-тармағында көрсетілген шарттардың сәйкестігіне тексереді, АШТӨ-ге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді басқармаға жолдайды
ұсынылған өтінімді тексереді
хабар-ламаны тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне қолхат береді
өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы
сына жолдайды
теріс шешім болған жағдайда тізбені жасайды, тізбені басқармаға және хабар-ламаны Мемле-кеттік корпора-цияға жолдайды
төлем құжаттарын қазына-шылықтың аумақтық бөлім-шесіне ұсынады
көрсе-тілетін қызметті алушыға не оның өкіліне хабар-ламаны ұсынады
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
1 жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
өтінімді тексеру кезінде –
2 жұмыс күні ішінде;
өтінімді, хабар-ламаны және тізбені жолдау кезінде – 1 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
85 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
86 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
87 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
5-қосымша