О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 16.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2019 94919_424657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0005192
- ЭКБ идентификаторы
- 94919
- Редакция идентификаторы
- 94919_424657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:22
0 Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 300 шешiмiне 1-қосымша
Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Сырдария өзені және Арал теңізі бассейнінде арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
1
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
38,8
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда
теңге/1000 текше метр
109,3
3
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000текше метр
1,0
4
Су көздерінен су алатын тоғандық шаруашылықтар
теңге/1000 текше метр
30,2
5
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
6
Су көлігі
теңге/тонна шақырым
4,3
5 Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 300 шешiмiне 2-қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1
1. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4158 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2006 жылғы 21 шілдеде жарияланған.);
2
2. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 325 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4170 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2007 жылғы 20 қаңтарда жарияланған.);
3
3. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 374 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4188 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2007 жылғы 15 мамырда жарияланған.).