Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности

Бұйрық · № 916 · қабылданған 14.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-94941/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 916 ·14.09.2015
29.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 916 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
916
Қабылданған күні
14.09.2015
Көрсетілген редакция
29.12.2015 94941_75071.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012214
ЭКБ идентификаторы
94941
Редакция идентификаторы
94941_75071
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:24

0 Қазақстан Республикасының

туристік қызмет туралы
заңнамасының сақталуына
тексеру парағының
нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/181 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 297 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7220 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қарашада № 529-530 (26922) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
___________ С.Айтпаева
2015 жыл 24 қыркүйек

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрдің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 14 09 № 916
және Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 29 қыркүйек № 650
бірлескен бұйрығымен бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылаудың тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ________________________________________
Тексерілетін субъектінің БСН/ЖСН ______________________________________
Орналасу орнынының мекенжайы___________________________________________

Талаптартізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
Туристік оператормен
1
Туристік операторлық қызметке
лицензияның болуы
2
Қолданыстағы туристік оператордың және туристік
агенттің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы
3
Туристік қызмет көрсетуге
жасалған жазбаша шарттың
болуы
4
Қалыптастырған туристік өнімнің болуы
5
Туристік өнімді өткізуге
арналған агенттік шарттың
болуы
6
Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы
7
Жеке меншік құқығындағы
немесе өзгеде заңды негіздегі
кеңсеге арналған үй-жайдың
болуы
8
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни  әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру  туралы жазбаша растаудың болуы
Туристік агентпен
1
Туристік агенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы
2
Туристік агенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған (қайта жасаған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде туристік агент жасалған (қайта жасалған) шарт туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберілгенін растаудың болуы
3
Қолданыстағы туристік оператордың және туристік агенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы
4
Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың болуы
5
Туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарттың болуы
6
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
Гидпен (гид-аудармашымен)
1
Гид (гид-аудармашы) қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы
2
Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласындағы даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы
3
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
Экскурсоводпен
1
Экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы
2
Қазақстан Республикасының азаматтығының, туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы
3
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
Туризм нұсқаушысымен
1
Туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы
2
Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың болуы
3
Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы
4
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың      ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
Лауазымдық тұлға (лар): _____________ ____ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
_____________ ____ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъекті: _____________ ____ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы