О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 856
- Қабылданған күні
- 20.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2015 94944_30571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012196
- ЭКБ идентификаторы
- 94944
- Редакция идентификаторы
- 94944_30571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:58
0 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (27967), «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (28569) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнында:
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Халықты және ауыл шаруашылығы малдарын сумен жабдықтау үшін қолданыстағы және жобаланатын шахталық құдықтар мен жер асты суын алуға арналған басқа да құрылыстар оларға радиоактивті жауын-шашындардың, улы заттардың және биологиялық зақымдау құралдарының түсуінен қорғалады.».
2
2) «Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10390 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 сәуірде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларда:
3-тармақта:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жұмылдырып өрістетуге дайындық және жауынгерлік әзірлікке келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) азаматтық қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін шешуге қатысу үшін қолданылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Министрдің шешімі бойынша азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – ТЖК) төрағасының жедел бағынысына беріледі.».