О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 22.10.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2015 94968_29093.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15G0000251
- ЭКБ идентификаторы
- 94968
- Редакция идентификаторы
- 94968_29093
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:55
0 Жамбыл облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актілердің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
4 Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы қазандағы
№ қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1 1. «Білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы №55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1914 болып тіркелген, 2013 жылдың 4 мамырында «Ақ жол» газетінде жарияланған).
2 2. «Білім саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 56 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1931 болып тіркелген, 2013 жылдың 18 мамырында «Ақ жол» газетінде жарияланған).
3
3. «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2282 болып тіркелген, 2013 жылдың 2 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған).
4
4. «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 29 тамызында №2304 болып тіркелген, 2013 жылдың 9 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған).