"О корректировке базовых налоговых ставок"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "О корректировке базовых налоговых ставок"
- Атауы (қаз.)
- "Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы"
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 309
- Қабылданған күні
- 23.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2017 95082_191143.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LG005207
- ЭКБ идентификаторы
- 95082
- Редакция идентификаторы
- 95082_191143
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:17
0 «Базалық салық мөлшерлемелерін
түзету туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1.
Автотұрақтарға (паркингтерге),
автомобильге май құю станцияларына
бөлінген
(бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 379, 381 және
383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері отыз пайызға
жоғарылатылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жаңақорған ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Талас _____________
«23» қыркүйек 2015 жыл