Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ежемесячного предоставления страховыми организациями в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" информации о произведенных страховых выплатах

Бұйрық · № 790 · қабылданған 12.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95098/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Правил ежемесячного предоставления страховыми организациями в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" информации о произведенных страховых выплатах Күшін жойған Бұйрық ·№ 790 ·12.10.2015
05.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ежемесячного предоставления страховыми организациями в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" информации о произведенных страховых выплатах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 790 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ежемесячного предоставления страховыми организациями в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" информации о произведенных страховых выплатах
Атауы (қаз.)
Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты уәкілетті ұйымға ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
790
Қабылданған күні
12.10.2015
Көрсетілген редакция
05.12.2024 95098_733531.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012255
ЭКБ идентификаторы
95098
Редакция идентификаторы
95098_733531
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:04

0 Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 790 бұйрығымен
бекітілген
Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру
төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары

1

1. Осы Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;

2 2) сақтандыру төлемдері – заңнамаға сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдарға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын төлемдер;

3 3) сақтандыру ұйымы – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.

3 3. Сақтандыру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 1-күнiндегі жағдай бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

4 4. Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беру ай сайын сақтандыру ұйымдары мен Мемлекеттік корпорация арасындағы ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

5 5. Мемлекеттік корпорация ақпараттар келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға осы мәліметтердің түсу фактісін растайтын электрондық хабарламаны сақтандыру ұйымдарына жібереді.

0.1 Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпарат _____________________________ (сақтандыру ұйымының атауы) 20____ жылғы «___» __________ жағдай бойынша

Сақтандыру ұйымдарының
жүргізілген сақтандыру төлемдері
туралы ақпаратты «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясына ай сайын
ұсыну қағидаларына
қосымша
нысан
Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпарат
_____________________________
(сақтандыру ұйымының атауы)
20____ жылғы «___» __________ жағдай бойынша
Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болса )
Сақтандыру төлемдерін алушының жынысы
Туған күні (жылы, айы, күні)
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы)
Төлемді жүзеге асыру күні
Зейнетақы аннуитеті шартының нөмірі
Зейнетақы аннуитеті шартының күні
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдердің басталған күні (жылы, айы, күні)
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдердің аяқталған күні (жылы, айы, күні)
Сақтандыру төлемдерін алушының мәртебесі
8
9
10
11
12
13
14

Қолданыстағы