О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Есильского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Есильского района
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-6/264
- Қабылданған күні
- 22.06.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2015 95102_29259.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15BK006264
- ЭКБ идентификаторы
- 95102
- Редакция идентификаторы
- 95102_29259
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:28
0 Есіл ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Күші жойылды деп танылсын:
«2014 жылға Есіл ауданында арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № а-12/553 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3964 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы;
«Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/10 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № а-12/484 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы;
«Есіл ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы» 2013 жылғы 19 сәуірдегі № а-4/179 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 тіркелген, 2013 жылғы 10 мамырда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы;
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету төлемдерінің ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 29 тамыздағы № а-8/192 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-72 тіркелген, 2007 жылғы 8 қазанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы.