Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам общественных советов

Заң · № 384-V · қабылданған 02.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95140/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам общественных советов Қолданыста Заң ·№ 384-V ·02.11.2015
02.11.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам общественных советов

Қолданыста Заң ·№ 384-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам общественных советов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
384-V
Қабылданған күні
02.11.2015
Көрсетілген редакция
02.11.2015 AI95140_0.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1500000384
ЭКБ идентификаторы
95140
Редакция идентификаторы
AI95140_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:46

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):

1 1) 31-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

9

«9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңес отырысында стратегиялық жоспарлардың және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; стратегиялық жоспарлардың және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын; стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді, ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау қорытындылары бойынша есептерді талқылауды өткізеді.»;

2 2) 113-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Нәтижелерге бағалау жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға сауалнама қою, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары негізінде алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.».

2

2. «Нормативтiк-құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):

1 1) 13-баптың 4-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

4

«4. Өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық кеңестер және азаматтар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы.»;

2 2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

15-1 «15-1-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен

міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық
актілерді әзірлеу мен қабылдаудың ерекшеліктері

1 1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.

2

2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын тиісті орталық мемлекеттік органдармен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарымен бірлесіп құрылған қоғамдық кеңестерге талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар беру үшін белгіленетін мерзім Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсынымдар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.
Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

3 3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік-құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда тиісті Қоғамдық кеңеске он жұмыс күні ішінде келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.».

3

3. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):

1 1) 7-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді мәслихаттың қабылдауы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;

2 2) 37-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».

4 4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):

7-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын.

2 2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы