Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога

Өзге акт · № 96 · қабылданған 19.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95157/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 96 ·19.10.2015
15.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 96 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
19.10.2015
Көрсетілген редакция
15.03.2018 95157_311548.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NH005986
ЭКБ идентификаторы
95157
Редакция идентификаторы
95157_311548
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:00

0 Бірыңғай тіркелген салық

мөлшерлемелерін белгілеу
туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Денисов ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 167 «Денисов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-139 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтарындағы «Наше время» газетінде жарияланған)
күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Денисов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Ә. Ж. Әкіжан
2015 жыл «19» қазан

4 Мәслихаттың

2015 жылғы 19 қазандағы
№ 96 шешіміне қосымша
Денисов ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ р/с
Салық салу объектісінің атауы
Айына бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3

Қолданыстағы