Об использовании бюджетных средств, направляемых на поддержку промышленных предприятий области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға бағытталған бюджеттік қаржыны пайдалану туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 10.09.2001 № 194 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Бюджеттiк жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-I Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несие берудiң Ережесiне", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 қаулысына сәйкес, жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарына несие берудiң тәртiбi мен жағдайларын айқындау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдауға және дамытуға несие берудiң Ережесi (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдап алу, өнеркәсiп кәсiпорындарының жобаларын қарау жөнiндегi Конкурстық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) құрамы (N 2 қосымша);
Тармақша 3
3) Өнеркәсiптi дамытудың басым бағыттарының тiзбесi (N 3 қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмысшы органы болып облыстық өнеркәсiп бөлiмi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Несиелiк келiсiмдерге қол қоюға облыстық өнеркәсiп бөлiмiне өкiлдiк берiлсiн.
Тармақ 4
4. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 8. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудiң ЕРЕЖЕСI
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 12 шілдедегі N 162 шешiмiне № 1 қосымша Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудiң ЕРЕЖЕСI Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Бюджеттiк жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктер қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несиелер беру Ережесiне" және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 қаулысына сәйкес әзiрлендi және ол бюджеттiк қаржы есебiнен облыс өнеркәсiбiн қолдауға және дамытуға бөлiнген несиелер берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегiдей түсiнiктер пайдаланылады: кредитор - жергiлiктi атқарушы орган; бюджеттiк несие - кредитордың шұғылдық, төлемдiк және қайтарымдылық шарттарымен жергiлiктi бюджеттен берген ақшасы; қарыз алушы - қарыз алушы-банк немесе ең соңғы қарыз алушы; қарыз алушы - банк - ең соңғы қарыз алушыны одан әрi несиелеу үшiн жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк несиелер алатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар; соңғы қарыз алушы - қарыз алушы - банк арқылы бюджеттiк несиелердi алушы өнеркәсiп кәсiпорындары - заңды тұлға; бюджеттiк несие жөнiндегi берешек - қарыз алушының бюджеттiк несиенi белгiленген күнге өтеу және қызмет көрсету кестесiне сәйкес төлемеген төлемдер сомасы; конкурстық комиссия - банктердi таңдап алу және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жобаларын қарау жөнiндегi комиссия.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелеу жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi жылға қабылдаған бюджеттердi орындаудың құрамдас бөлiгi болып табылады және ол шағын несиелер беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар банк-қарыз алушыға бюджеттiк несиелердi берiп, кейiннен оны соңғы қарыз алушы мен ұйымдарға беру жолымен жүзеге асырылады. Осы Ереже арқылы бiрлесiп қаржыландыру тәртiбiмен соңғы қарыз алушыларды қарыз алушы банкпен бiрге несиелендiрудiң шарттары да белгiленген. Жобаларды бюджеттiк несиелеу, бiрлесiп қаржыландыру қазiргi заңдарға сәйкес ашық конкурс өткiзу жолымен таңдап алынған облыс өнеркәсiбiн дамытудың басым бағыттарының тiзбесiне сәйкес қарыз алушы - банк арқылы жүргiзiледi. Бюджет қаржысы есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарын бюджеттiк несиелеу үшiн банк қызметiн көрсету жөнiндегi ашық конкурс өткiзудiң тәртiбiн Конкурстық комиссия белгiлейдi. Мұнымен қатар конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктермен несиелiк келiсiмдердiң жалпы шарттарын, сыйақы ставкасын және басқа да несиелендiру жөнiндегi шарттарды әзiрлейдi және бекiтедi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджет есебiнен өнеркәсiп кәсiпорындарына бюджеттiк несиелер беру туралы қарыз алушы - банкпен несиелiк келiсiмдер жасауға жергiлiктi атқарушы органдар атынан облыстық өнеркәсiп бөлiмi (бұдан әрi - Бөлiм) жүзеге асырады.
Тарау ii. II. Бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
II. Бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 4
4. Өнеркәсiптi қолдауға және дамытуға бағытталған бюджеттiк несиелер мақсатты болып табылады және ол мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте қаралған сомалар шегiнде берiледi.
Тармақ 5
5. Қарыз алушы - банк қоятын талаптар "Өнеркәсiп кәсiпорындарын бюджеттiк несиелендiру үшiн банктер қызметiн көрсету жөнiндегi ашық конкурс өткiзу тәртiбiмен" айқындалады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиелендiру үрдiстерiнде Бөлiм мен қарыз алушы - банк арасында несиелiк келiсiм жасалады.
Тармақ 7
7. Бизнес-жобаларға байланысты несиелендiрудiң қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн, орта мерзiмдi несиелер - 1 жылдан жоғары, бiрақ 3 жылдан артық емес мерзiмдерi белгiленедi.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несиелер жергiлiктi бюджеттен ұлттық валютада қарыз алушы - банкке нолдiк мөлшерлеме бойынша, банкке, соңғы қарыз алушыға Конкурстық комиссия белгiлеген мөлшерлеме бойынша берiледi.
Тармақ 9
9. Соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелердi қайтарымдық негiзде беру, сондай-ақ жобаларды бiрлесiп қаржыландыру, олар тек облыс өнеркәсiбiн дамытудың басым бағыттарының тiзбесiне сәйкес қызметпен шұғылданғанда ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Несиелеуге бөлiнген бюджеттiк қаржыларды қандайма болмасын еңбек ақы жөнiндегi, бюджетке төлемдер немесе басқа да қарыздар мен мiндеттемелердi өтеуге пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 11
11. Бөлiм басым бағыттар тiзбесiне сәйкес жобаларды таңдайды, алдын ала сараптама жасайды және Конкурстық комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия өзiнiң мәжiлiсiнде оны қарайды және қолдау тапқан жобалардың тiзiмiн бекiтедi. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi. Бекiтiлген жобалар тiзiмi Бөлiм арқылы өкiлдi қарыз алушы - банкке берiледi.
Тармақ 12
12. Қарыз алушы - банк арқылы кредитордың несиелiк қорынан соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелер беру қазiргi заңдарға, жасалған несиелiк шарттарға және банк-қарыз алушының iшкi несиелiк саясатына сәйкес iске асырылады.
Тармақ 13
13. Қарыз алушы - банк соңғы қарыз алушының жобаларына мынадай жолдармен сараптама жүргiзедi: соңғы қарыз алушының төлем қабiлеттiлiгiн және бюджеттiк несиенi өтемеген жағдайдағы тәуекелдiк дәрежесiн саралайды, жобаның экономикалық мақсатқа сәйкестiгiн, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiн саралайды, несиенi өтеудiң қолда бар көздерi мен қамтамасыз ету жолдарына тексеру жүргiзедi. Банктердiң мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банк жазбалай түрде Бөлiмге жобаларды қаржыландыруға келiсетiндiгi туралы мәлiмдейдi.
Тармақ 14
14. Комиссияның оңды шешiмi мен банктiң мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банктер соңғы қарыз алушыға несие беру туралы қажеттi құжаттарды ресiмдейдi, несиелiк шарттар жасайды.
Тармақ 15
15. Банктiң соңғы қарыз алушыға қоятын бюджеттiк несиенiң пайызы, оның көлемi мен мерзiмi шектi мөлшерден аспауы керек.
Тармақ 16
16. Бюджеттiк қаржыдан берiлетiн бюджеттiк несиелер, сондай-ақ соңғы қарыз алушыларды несиелеуге осы Ереже мен Комиссия белгiлеген шарттарда бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген қаржы бөлiгi, қағида бойынша кепiлдiктi қамтамасыз ету немесе олардың берген басқа да кепiлдiктерi бойынша жүргiзiлуi қажет.
Тармақ 17
17. Жобаларды бiрлесiп қаржыландырған жағдайда Бөлiм нөлдiк мөлшерлеме бойынша жобалар құнындағы бюджеттiк несиелiк қордағы өзiнiң үлесiн бередi, ал банктер белгiленген мөлшерлеме бойынша өзiнiң үлесiн бередi. Жобаны бiрлесiп қаржыландырудағы банк қатысының үлесi берiлетiн несиенiң жалпы сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиiс. Сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесi несиелеу сәтiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң қайта қаржыландырудағы мөлшерлемесiнен артпауы тиiс.
Тармақ 18
18. Несиелiк шарттар және онымен байланысты құжаттар жасалынғаннан кейiн қарыз алушы - банк соңғы қарыз алушының атына несие шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелер сомасы аударылады. Аталған шоттан несиелер беру соңғы қарыз алушының есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен немесе оны төлемдiк құжаттарға төлеу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Өнеркәсiптi қолдауға және дамытуға бағытталған, жергiлiктi бюджетте қаралған қаржыны облыстық қаржы басқармасы Бөлiм (бағдарлама әкiмшiсi) шотына аударады, Бөлiм нақты жоба жөнiнде оңды қорытынды туралы банктiң жазбалай хабарламасын алғаннан кейiн соңғы қарыз алушыны несиелеу үшiн қарыз алушы - банкке қаржыны олардың тапсырысына сәйкес бөледi. Несиелiк қор ретiнде пайдалануға бөлiнген бюджеттiк қаржыны банк 15 күн iшiнде игермеген жағдайда, ол қаржы 5 банкi күнi iшiнде Бөлiм шотына қайтарылуға жатады. Бөлiнген бюджеттiк қаржыны игермеген жағдайда банктiң бөлiм шотына дер кезiнде қайтармаған ақша қаражаты үшiн санкцияның көлемiн Бөлiм мен банк арасында жасалған несиелiк келiсiмдерде айқындалады.
Тарау iii. III. Бюджеттiк несиелердi өтеудiң тәртiбi
III. Бюджеттiк несиелердi өтеудiң тәртiбi
Тармақ 20
20. Қарыз алушы - банк бюджеттiк несиенi өтеудi жасалған несиелiк келiсiмге сәйкес iске асырады. Бұл ретте төлемнiң төмендегiдей кезектiлiгi белгiленедi:
Тармақша 1
1) есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсiмi;
Тармақша 2
2) негiзгi қарызды өтеу.
Тармақ 21
21. Бөлiм несиелiк келiсiмдi мерзiмiнен бұрын бұзуына және қарыз алушы - банк келiсiмнiң шарттарын бұзған жағдайда несиеге берiлген сомаларды қайтарып алуына құқығы бар.
Тармақ 22
22. Несиелiк келiсiм бұзылмаса да Бөлiм бюджеттiк несиенiң өз мақсатына жұмсалмаған фактiлерiн анықтаса, онда ол заңсыз пайдаланған несие сомалары үшiн қарыз алушы - банктен несиелiк келiсiмде баяндалған мөлшерде айыппұл өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 23
23. Қарыз алушы - банк бюджеттiк несиенi несиелiк келiсiмде көрсетiлген мерзiмде өтемеген жағдайда қалыптасқан берешектерге айыппұл пайыздары есептеледi.
Тармақ 24
24. Қарыз алушы - банк негiзгi қарыз сомасын және басқа да осы несиеге байланысты төлемдермен айыппұлдарды қайтарған жағдайда жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен берiлген несие өтелген болып саналады.
Тармақ 25
25. Соңғы қарыз алушыларда бюджеттiк несие бойынша берешектер қалыптасқан және оны несиелiк шартта белгiленген мерзiмде өтемеген жағдайда, банктер несиенi кепiлдiк заттар арқылы өндiру жолымен мәжбүрлеп қайтаруға шаралар алады.
Тармақ 26
26. Соңғы қарыз алушы несиенi дер кезiнде қайтармаған жағдайда және егер банк орындаған процедуралық нормалар қарыз алушының берешектi қайтаруына мүмкiндiк жасамаса, банк облыстық бюджетке қаржыны өздерiнiң есебiнен қайтаруды қамтамасыз етедi. Аталған қаржыны қайтару мерзiмi Бөлiм және банк арасында қол қойылып жасалған несиелiк келiсiмде белгiленедi.
Тарау iv. IV. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
IV. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
Тармақ 27
27. Бюджеттiк несиелердiң мақсатты жұмсалуын бақылауды банктер мен Бөлiм бөлiнген қаржыны тексеру және шығындарды азайту жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Қарыз алушы несиелiк қорды белгiленген мақсатқа жұмсамағаны белгiлi болса банк 3 күн iшiнде бұл туралы бөлiмге хабарлайды және берiлген қаржыны мерзiмiнен бұрын қайтару жөнiнде шаралар алады.
Тармақ 29
29. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қарыз алушы - банкке берiлген барлық несиелер облыстық қаржы басқармасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде тiркелуге жатады.
Тармақ 30
30. Бөлiмге берiлген бюджеттiк несиелерге мониторингi жүргiзудi облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң белгiленген тәртiбi пен нысаны бойынша қарыз алушы - банктiң жүйелi түрде есеп беруi негiзiнде iске асырады.
Тармақ 31
31. Берiлген бюджеттiк несиелердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалауды Бөлiм iске асырады.
Тармақ 32
32. Бөлiм бақылау мақсатында қарыз алушы - банктен бюджеттiк несиеге байланысты қажеттi ақпараттарды талап етуге құқылы.
Басқа 47. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдап алу және өнеркәсiп кәсiпорындарының жобаларын қарау жөнiндегi Конкурстық комиссияның құрамы
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 12 шілдедегі N 162 шешiмiне № 2 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдап алу және өнеркәсiп кәсiпорындарының жобаларын қарау жөнiндегi Конкурстық комиссияның құрамы Станислав Павлович - комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң Качало орынбасары Мәлiк Сағидоллаұлы - комиссия төрағасының орынбасары, Ишекенов облыстық өнеркәсiп бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы Қуат Ғабдулфарикұлы - комиссия хатшысы, облыс әкiмi Исалиев аппаратының өнеркәсiп, коммуналдық шаруашылық және коммуникация бөлiмiнiң меңгерушiсi Комиссия мүшелерi: Ерболат Мұхтарұлы - облыстық экономика басқармасының Жұмағалиев бастығы Әнис Қаресұлы - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Iзтiлеуов Борис Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Iзбасаров банкiсi филиалының директоры (келiсiмi бойынша) Досым Сағатұлы - облыстық мәслихаттың тексеру Сағатов комиссиясының төрағасы (келiсiмi бойынша) Асқар Шәңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының Хамитов бастығы Маржан Хамитқызы - облыстық Қазынашылық басқармасы Бапаева бастығының мiндетiн атқарушы
Басқа 48. Батыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсiптi дамытудың басым бағыттарының ТIЗБЕСI
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 12 шілдедегі N 162 шешiмiне № 3 қосымша Батыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсiптi дамытудың басым бағыттарының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Импорт алмасушылық шеңберiнде технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерiн енгiзу және игеру.
Тармақ 2
2. Мұнай-газ саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолдау.
Тармақ 3
3. Импорт алмасушылық бағдарламасы шеңберiнде жасалған шарт бойынша жұмыс iстейтiн өнеркәсiп кәсiпорындарының айналым қаржысын толықтыру.
Тармақ 4
4. Қолда бар келiсiм-шартты орындайтын кәсiпорындардың жаңа өндiрiс түрлерi қолдау.
Тармақ 5
5. Облыстағы қорғаныс кешенi кәсiпорындарының конверсиялық технологияларын қолдау.