О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 307
- Қабылданған күні
- 18.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2015 95168_30072.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15S0000307
- ЭКБ идентификаторы
- 95168
- Редакция идентификаторы
- 95168_30072
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:40
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерiн және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгiлеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 293 қаулысы (2014 жылғы 13 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2912 болып тіркелді);
2) «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 207 қаулысы (2015 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3296 болып тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы «2015 жылға арналған субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 290 қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.