Об установлении цен на продукцию, реализуемую субъектом государственной монополии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении цен на продукцию, реализуемую субъектом государственной монополии
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18-05/839
- Қабылданған күні
- 22.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2015 95207_31813.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012241
- ЭКБ идентификаторы
- 95207
- Редакция идентификаторы
- 95207_31813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:17
0 Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын белгілеу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағалары белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы «7» қазан
8 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы «22» қыркүйектегі
№ 18-05/839 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасы
№
Өнімнің атауы
Қосылған құн салығы есепке алынбай,
1-сортты өнімнің
1 (бір) килограмына
баға (теңге)
1
2
3
1
Мұздатылған бекіре тұқымдас балық (қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай)
1 555,8
2
Салқын ыспен ысталған бекіре тұқымдас балық (қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай)
5 290,7
3
Қортпаның уылдырығы
164 181
4
Бекіренің уылдырығы
140 661,5
5
Шоқырдың уылдырығы
56 695,9