Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 30.09.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2015 95257_29867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DD003525
- ЭКБ идентификаторы
- 95257
- Редакция идентификаторы
- 95257_29867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:11
0 Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының №1 және № 2 қосымшаларына сәйкес Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2
2. «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қосымша №1
Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
№434 қаулысына қосымша
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Е.Маманұлы көшесіндегі №12, №13, №14, №18, №19, №30, №31 кірпіштен салынған жеті жалдамалы тұрғын үйлердің
бір шаршы метр үшін төлем ақы мөлшері:
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынандай көрсеткіштер қолданылды:
А – кондоминиум обектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, тенге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай – ақ жеручаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қортындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» КР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлем ақының мөлшері мынандай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р
Ц = 4 842 857 теңге / 68,2 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) 71 010,0 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың құны (теңге)
Т = 100 жыл;
Р = 0 теңге.
А = 71 010,0 : 100 :12 + 0 = 59,1 теңге бір шаршы метр үшін айына.
6 Қосымша № 2
Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
№434 қаулысына қосымша
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Жидебаев көшесіндегі №43а, №43б
кірпіштен салынған екі жалдамалы тұрғын үйлердің
бір шаршы метр үшін төлем ақы мөлшері:
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынандай көрсеткіштер қолданылды:
А – кондоминиум обектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, тенге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай – ақ жеручаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қортындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» КР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлем ақының мөлшері мынандай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р
Ц = 9 757 000,0 теңге / 76,4 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) 127 709,4 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың құны (теңге)
Т = 100 жыл;
Р = 0 теңге.
А = 127 709,4 : 100 :12 + 0 = 106,42 теңге бір шаршы метр үшін айына.