Құжат мәтініне өту

О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Балхашскому району

Өзге акт · № 47-204 · қабылданған 05.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95258/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Балхашскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 47-204 ·05.10.2015
18.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Балхашскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 47-204 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Балхашскому району
Атауы (қаз.)
Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
47-204
Қабылданған күні
05.10.2015
Қолданысқа енгізілген күні
28.11.2015
Көрсетілген редакция
18.01.2024 I95258_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DF003541
ЭКБ идентификаторы
95258
Редакция идентификаторы
I95258_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:08

0 Балқаш ауданы бойынша

пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының және
бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Балқаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2

2. «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ғ. Нарбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихаттың «Агроөнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, жол құрылысы жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы