Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы и сроков представления центральными исполнительными органами отчетов по реализации государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Бұйрық · № 485 · қабылданған 24.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-95333/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы и сроков представления центральными исполнительными органами отчетов по реализации государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Қолданыста Бұйрық ·№ 485 ·24.04.2015
24.04.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы и сроков представления центральными исполнительными органами отчетов по реализации государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Қолданыста Бұйрық ·№ 485 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы и сроков представления центральными исполнительными органами отчетов по реализации государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
485
Қабылданған күні
24.04.2015
Көрсетілген редакция
24.04.2015 95333_45703.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012264
ЭКБ идентификаторы
95333
Редакция идентификаторы
95333_45703
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:20

0 Орталық атқарушы органдардың

энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және
оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша есеп беру нысаны және ұсыну мерзімдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақтан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 17 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақтан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 18 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 08 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 18 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
________________ И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 07 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
________________ А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы 05 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақтан Республикасының
Сыртқы істері министрі
________________ Е. Ыдырысов
2015 жылғы 11 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақтан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 27 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақтан Республикасының
Ішкі істері министрі
________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 30 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақтан Республикасының
Энергетика министрі
________________ В. Школьник
2015 жылғы 09 маусым

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы «24» сәуір
№ «485» бұйрығымен
бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері

1 1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі орталық атқарушы органдардың есептерді ұсыну нысаны:


Іс-шараның атауы
Іс-шараны өткізу мерзімі
Іс-шараның нәтижесі
Қаржылық шығындар
Іс-шараны өткізу кезеңділігі
Қатысқан ұйымдар
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8

2 2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді орталық атқарушы органдардың ұсыну мерзімдері:

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға есеп беруден кейінгі жылдың 25 қаңтарына орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша есептер ұсынады.

Қолданыстағы