Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по городу Талдыкорган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по городу Талдыкорган
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27-990
- Қабылданған күні
- 01.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2017 95365_162913.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DA003540
- ЭКБ идентификаторы
- 95365
- Редакция идентификаторы
- 95365_162913
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:10
0 Талдықорған қаласы бойынша
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу
мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы «Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» № 7-265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 2677 тіркелген және 2014 жылғы 25 сәуірде «Талдықорған» газетінің № 17 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б. Тұрұсбеков) осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интерент-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жүзеге асырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Талдықорған қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 27-990 қаулысына қосымша
Талдықорған қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ р/с
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)
1
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 құрама үлгідегі ясли- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
140
20740
11000
2
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 7 ясли - бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
280
21333
11000
3
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 8 «Күншуақ» ясли балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
320
22644
11000
4
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 10 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
60
24516
11000
5
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 11 құрама үлгідегі аралас «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
300
21909
11000
6
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 12 «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
150
24889
11000
7
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрама үлгідегі «№ 13 санаторлық топтары бар құрама үлгідегі «Құралай» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
100
25961
11000
8
«НАК» балабақшасы» жеке білім беру мекемесі
150
17151
18000
9
«АлтынАрАй» бала бақшасы» жеке білім беру мекемесі
25
30333
12000
10
«Балапан Сабрина» балабақшасы» мемлекеттік емес білім беру мекемесі
150
16149
15000
11
«Жетісу балдырғаны» балабақшасы» жеке білім беру мекемесі
25
27247
15000
12
«Мейір» бала бақшасы» жеке білім беру мекемесі
15
54762
18000
13
«Басқару негіздері мектебі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі
150
16011
15000
14
«Асми» бала бақшасы» Жеке білім беру мекемесі
200
15459
15000
15
«Ашура» балабақшасы» мемлекеттік емес білім беру мекемесі
326
17098
15000
16
«Немерелер» бала бақшасы» жеке білім беру мекемесі
45
21570
15000
17
«Ален балабақшасы мемлекеттік емес білім беру мекемесі
100
15614
18000
18
«Айым» балабақшасы» жеке білім беру мекемесі
45
20235
15000
19
«Тұмар» бала бақшасы» жеке білім беру мекемесі
45
23316
15000
20
«Дилназ» бала бақшасы» жеке білім беру мекемесі
40
25029
18000
21
«Балалар әлемі» балабақшасы» жеке білім беру мекемесі
87
20858
18000
22
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
10533
9000
23
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
9863
9000
24
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
9760
9000
25
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
10650
9000
26
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 23 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25
10031
9000
27
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 25 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
75
11069
9000